Главная

Даниярдың қарсыласы сынға қалды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Еркін күрес әлемінде әр салмақта кемі үш-төрт палуанның айтарлықтай бәсекелестік тудырып келетіндігі жалпақ жұртқа аян. Соның ішінде 74 келі салмақта өнер көрсетіп жүрген жерлесіміз Данияр Қайсановтың азулы қарсыластарының бірі жарақатына байланысты ақтық сында өнер көрсете алмай, талай жұрттың кері пікірін тудыруда.

 Түркия жерінде өткен «Яшар Догу» дәстүрлі рейтингілік турнирі бірқатар «жұлдыздарды» жинады. Оның үстіне айдарынан жел есетін атақты палуандардың біршамасы Еуропа ойындарында емес, Ыстамбұл боз кілеміне бақ сынауға құлшынып келген болатын. Айтпағымыз, жанкүйер асыға күткен 74 келі салмақтағы америкалық Джордан Барроуз бен италиялық Франк Чамизо арасындағы текетірес жайлы. Несін жасырайық, о баста қос спортшы ақтық сында жолығады деп болжады. Солай болды да. Екі топқа түсіп әр белдесулерін айқын жеңіспен аяқтады. Сөйтіп, көпшілікке танымал еркін күрес шеберлері финалға жолдама алып, өздеріне тиесілі рейтингілік ұпайларына да қол жеткізді. Ал көптен күткен кездесу болмай қалды. Анығы сол, Италия елінің үкілеген үміті кілемге шықпап еді, салмақты себептерге қарамай бірқатар спорт сүйер қауым өкпе-реніштерін жаудырды. Әдейі бас тартты деп санайды. Осындай жағымсыз пікір қалдырған жанкүйерлерінің біріне кубалық Италия елінің спортшысы «Сіз не жеке тұлғасыз, не ешкім емессіз, – деп жазған екен Инстагарм желісінде. – Мен өз әлеуетімді жақсы білемін. Кейде үнемі шама-шарқыңды паш еткеннен гөрі, ақылға салып шешім қабылдау қажет. Шынымды айтсам, сіздердің не ойлайтындарыңыз маған маңызды емес. Түркия жерінде ақтық сында белдесе алмағаным үшін кешірім сұраймын. Бірақ мен жайлы әлі талай еститін боласыздар.

 Мұндай жауаптан соң даудың басыла қоюы екіталай. Соның бір дәлелі ретінде мына жазбаны мысалға келтірейік. – Рейтингілік ұпайыңызбен массаттана түсіңіз. Себебі басқандай жолмен әлемдік рейтингіде өрлей алмайсыз, – деген екен күрес сүйер қауымның бірі.

 Жалпысында Барроуз – Чамизо арасындағы «айқаста» есеп 3:1, мұхиттың ар жағындағы оғлан басым тұр. Ал Ыстамбұл боз кілеміндегі аламаннан соң Чамизо 74 келі салмақта 86 ұпаймен көш бастады. Америкалық Джордан Барроуз 79 ұпаймен екінші, ал ресейлік Заурбек Сидаков 76 ұпаймен үшінші орынға жайғасқан.

 Естеріңізде болса, мамыр айының соңында Италияда өткен халықаралық турнирдің ақтық сынында шығысқазақстандық палуан Данияр Қайсанов пен жоғарыда аталған Франк Чамизо жолыққан-ды. Қорытынды есеп 6:4 есебімен кілем иесінің пайдасына шешілді. Әлемдік рейтингіде алдыңғы орында тұрған палуандарға жерлесімізді де қосар болсақ, қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлем чемпионатының көркі одан ары қыза түсетіні сөзсіз.

 Материал russian.championships дерегімен әзірленді

 

 

Дата и время публикации: 
16.07.19
Новости
Большое интервью с одним из символов любительского волейбола ВКО, стоявшего также у истоков создания профессионального клуба в Усть-Каменогорске, получилось весьма откровенным.
05.12.2019
Последний в этом году из марафонов Шанхайской Организации Сотрудничества состоялся в ходе праздничных выходных в Китае. Он оказался удачным для одного из казахстанских спортсменов.
04.12.2019
Ұлан ауданы орталығындағы «Модуль» спорт кешенінде Тұңғыш Президент күніне орай дзюдодан 2006-2007 және 2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.
04.12.2019
Глава World athletics завершил свой визит в столицу Казахстана большой пресс-конференцией.
03.12.2019
Увы, но молодёжная команда ВК «Алтай» не возглавит турнирную таблицу отечественного первенства Высшей лиги.
03.12.2019
Сегодня в Нур-Султане продолжилась череда больших спортивных событий. Прибытие в столицу Казахстана главы World athletics Себастьяна Коэ ознаменовалось проведением соревнований в рамках III Altay Kids Cup.
02.12.2019