Главная

Даңқты балуанның турнирі таяп қалды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Мамырдың 17-18 күндері Жарма ауданының Қалбатау ауылында грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне II Ашық облыстық турнир өтеді.

2018 жылдан бері Жарма ауданында "Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне" Ашық облыстық турнирды өткізу дәстүрге айналды. Аталмыш бәсеке «Болат Тұрлыханов атындағы» спорт кешенінде өтпек. Бұл жолы жүлделі орындарды 2006-2008 жылдары туған бүлдіршіндер сарапқа салады.
Жарыстың мақсаты: күресті дамыту, жас палуандардың шеберлігін шыңдау. 
Боз кілем аламанында еліміздің бірнеше өңірі мен қаласынан келіп күш сынасады. Естеріңізде болса, былтыр бұл өлкеге Алматы, Шымкент, Павлодар қалаларынан, сондай-ақ Алматы облысынан ат шалдырған еді. Биыл да сайыстың ауқымы осы межеден түспейді деп күтілуде.

Даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов бүгінгі таңда Біріккен Күрес Әлемінің мүшесі, Азия күресі кеңесінің президенты, Қазақстан Республикасының грек-рим күресі федерациясының вице-президенті қызметін атқарып келеді. Естеріңізге сала кетейік, Дәулет Болатұлы Тұрлыханов 1963 жылы 18 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында дүниеге келген. Грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

 

Материал sport_star_kz парақшасы дерегімен әзірленді

Дата и время публикации: 
15.05.19
Новости
Сегодня – три года великому матчу в исполнении женской команды «Алтай».
30.05.2020
Ситуация с послаблением режима карантина довольно странным образом отразилась на спорте. С одной стороны, тренировки не запрещены. Но и в полной мере разрешёнными их назвать довольно сложно.
29.05.2020
Последнее золото Кузнецова, первое золото для «Алтай Атлетикс» и последний триумф «Алтая».
29.05.2020
По подозрению в хищении бюджетных средств во время строительства учебного корпуса новой школы в Риддере задержаны спортивные чиновники
28.05.2020
Вчера стало окончательно известно о том, что Александр Шин и Евгений Рымарев впервые с сезона 2014/15 проведут хоккейный год в разных командах. Кто из них потеряет от этого разделения больше?
27.05.2020
Волейбол, и ничего кроме.
27.05.2020