Главная

Ел чемпионатына іріктеу

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясында спорттық және жауынгерлік самбодан ерлер мен әйелдер арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.

Аталған жарыс 6-9 ақпан күндері Атырау қаласында самбо күресінен өтетін ел чемпионатына іріктеу болып табылады. Абай, Аягөз, Жарма, Глубокое аудандары және Өскемен мен Семей қалаларының 100-ден аса балуаны 9 салмақта сынға түсті. Жарыстың ашылу салтанатында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Раушан Алпысбаева құттықтау сөз сөйлеп, жеңіске жеткендер ел чемпионатында Шығыс Қазақстанның намысын сәтті қорғасын деген тілегін жеткізді. Шығыс Қазақстан облыстық «Спорттық және жауынгерлік самбо» Федерациясының вице-президенті Пәрман Имаханов Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының «Құрметті спорт ардагері» медалін Сәрсен Байжұмановқа, «Самбо күресінің дамуына қосқан ерен еңбегі үшін» медалін Ерлан Канкиев пен Арнұр Жакуповқа табыстады. Сонымен қатар Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академясының спортшылары Руслан Жарқынбаевқа самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қуандық Стамполовқа самбо және дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қуаныш Рәтаевқа самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын растайтын куәлік табысталды.

Дата и время публикации: 
17.01.20
Новости
«Торпедо» «размочило» счёт в противостоянии с лучшей командой регулярного чемпионата ВХЛ.
26.02.2020
Прыжки в высоту – наше всё!
26.02.2020
Өткен жылы әлемдік аламанда күміс медаль иеленген Нұрғожа Қайпанов Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Күрес түрлерінен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы ел чемпионаты туралы ой бөлісті.
26.02.2020
Представительница «Алтай Атлетикс» творит что-то невероятное в столице Белоруссии.
26.02.2020
В Минске завершился первый соревновательный день международной матчевой встречи. Легкоатлеты сборной Казахстана в большинстве своём выступили неудачно.
26.02.2020
Парагвай, Россия, Казахстан, США, Германия, Франция, Великобритания, Кипр – вот далеко не полный перечень стран, представители которых приняли участие в голосовании на нашем портале за звание лучшей волейболистки Высшей лиги ЛЧБ прошлого сезона. Причём все они отдали свои голоса за одного весьма удивительного человека – Ольгу Теренину, сделав её обладателем первой индивидуальной награды в Лиге Чемпионов Бизнеса. Наш корреспондент побеседовал с лучшей из девушек в нашем любительском волейболе, чтобы узнать её не только как спортсменку, но и как человека.
25.02.2020