Главная

Еңбек ерінің есімі берілді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Шығыс өңірінің спорт ұстаханасы «Семей спорт академиясына» грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және Әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді. Даңқты балуан спорт академиясында өткен салтанатты жиынға қатысып, шаһар жастарымен оқушылары, жас спортшылар құрметпен қарсы алды.

 Жақсылық ағаның есімін ұлықтап жатқан жақсы жаңалықты естіп, еліміздің мақтаныштары, байрақты бәсекелерде қазақтың Көк Туын желбіретіп, Әнұранын асқақтатқан спорт саңлақтары да көптеп жиналды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов салтанатты шараға қатысып, Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілген Семей спорт академиясынан болашақта Олимпиада чемпиондары шағатынына сенім білдірді. «Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала» деп, спорттың маңызын айрықша бағалайды.Біздің аймақта, Елбасы тапсырмасы лайықты іске асуда», - деп атап өтті Даниал Кенжетайұлы салтанатты жиында.

 Расында, облыс әкімінің тікелей басшылығымен қаламызда, «Семей спорт академиясы» жанынан спортта дарынды балаларға арналған 200 орындық жатақхана бой көтеріп, грек-рим және еркін күресіне арналған зәулім спорт залы ашылды. Заманауи, баламасы жоқ «Абай Арена» мәдени-спорт кешені де өз есігін айқара ашуға жақын.

 Балуанды ортаға шақырғанда, Жақсылық ағаның бойында толқыныстың басым екенін анық аңғардық. «Семейдің топыраға киелі. Осы жердің қасиеті болар, Олимпиада алтыны бұйырды. Бұл маған көрсетілген құрметтің ең биігі. Мен сіздермен бақыттымын. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бастаған ел азаматтарына алғыс айтамын. Менің есімім берілген спорт академиясынан Олимп шыңын бағындырар спортшы шықсын», - деп тілек білдірді Жақсылық аға.

 Жақсылық Үшкемпіров - КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «FILA күміс», «FILA алтын» орденінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің «Құрмет» орденінің, I дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, Біріккен күрес әлемі (UWW) халықаралық федерациясының Даңқ залына есімі енгізілген, Алматы, Семей, Тараз қалаларының, Алматы және Жамбыл облыстарының Құрметті азаматы.

 Ерзат ЖАНАТҰЛЫ, Семей

 

 

Дата и время публикации: 
18.09.19
Новости
Мұны естігенде кімнің болсын бойы шымырлап, аса епті қимылдарын көріп таңдай қағатын жандардың табылары сөзсіз. Тумысынан аяғы жоқ бұл спортшы алдына тау мақсат қойып келеді.
29.07.2020
Әлем чемпионатының жүлдегерлері наурыз айында республика бойынша Төтенше жағдай режимі жарияланғанда туған жеріне келіп, бір мезет ауылдастарымен жүздесіп, мәре-сәре болған еді. Айтпағымыз, үржарлық Алмат Кебіспаев пен командалас досы Қорлан Жақанша жайлы. Сол шектеу шаралары кезінде берген сұхбатының бір бөлігін кеш те болса ұсынуды жөн көрдік.
24.07.2020
Хоккейный клуб «Торпедо» по согласованию с руководством Восточно-Казахстанской области приняло решение об отмене платы за занятия хоккеем в группах набора детско-юношеской хоккейной школы, сообщает altaynews.kz
23.07.2020
Иә, дәл осы жағдай төңірегіндегі оқиға желісі сан түрлі құбылуда. Жазғы Олимпиада ойындары тарихында екі спортшының бірдей чемпион деп танылып, алтын медаль иеленген сәтін естіп пе едіңіздер? Ендеше бірнеше күн бұрын Біріккен Күрес Әлемі осындай тарихи шешім қабылдады.
23.07.2020
Подписан контракт с нападающим Владимиром Пешехоновым, выступавшим в прошлом сезоне в составе московской «Звезды».
21.07.2020
В канун празднования Дня столицы на лыжном стадионе в Риддере состоялось торжественное открытие стрельбища для биатлонистов.
21.07.2020