Главная

Ерлан Серікжанов Азия чемпионы!

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Шығысқазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов бүгін Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан құрлықтық чемпионатта ел қоржынына алғашқы алтынды салды.

Жарыстың алғашқы күні үржарлық балуан ғана емес, өзге де отандастарымыз аса сәтті өнер көрсетті. Десе де алдымен жерлесіміздің жүріп өткен жолына зер салып кеткен абзал. Әлемнің вице-чемпионы қарсыластарын қалпақпен қағып алды деп айтсақ әбестік болар. Жартылай финалда Тәжікстан елінің өкілімен біршама тартысты белдесу болғаны рас. Физикалық тұрғыда екеуі бір-біріне еш есе жібермеді. Тек кездесудің бел ортасына жеткенде тәжірибесі анағұрлым алда тұрған шығысқазақстандық спортшы айқын жеңіске жете білді. Одан ары 66 келі салмақта қазақстандық финал орын алды. Келесі топта қарсыластарын қоғадай жапырып, тағы бір отандасымыз Елдос Жұмақанов алтынға таласу мүмкіндігіне ие болды. Ақтық сынның тартысты өтетіндігі сөзсіз еді. Алайда Жұмақанов жарақатына байланысты татамиге шыға алмады. Нәтижесінде, жерлесіміз Ерлан Серікжанов Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтынды әперді. Тиісінше, осы салмақта Елдос Жұмақанов күміске қанаған тұтты. Одан бөлек, тағы бір күміс медаль құраманың тәжірибелі мүшесі Отгонцэцэг Галбадрахқа (48 келі) бұйырды. Алтынды алатындай-ақ шамасы болды, десе де қытайлық қарсыласына еркіндік беріп қойып, таза жеңіліске ұшырады. Сондай-ақ 57 келі салмақтағы Севара Нышанбаева мен 60 келідегі Ғұсман Қырғызбаев қолаға қол созды. Фуджейрадағы Азия чемпионатының алғашқы күнінде отандастарымыз Жапония мен Солтүстік Корея елдерін артқа тастап, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Бұл ғана емес, шығысқазақстандық спортшының жетістігі облыстағы дзюдо спортының кең қанат жаюының бір көрінісі. Қанша дегенмен де, Серікжанов аймақтан шыққан тұңғыш Азия чемпионы, әрі әлемдік рейтингте үздік он палуанның қатарына енген. Осы жеңістің артында тұрған оның жеке бапкері Айдар Қайырбаев пен облыстың бас жаттықтырушысы Бақытбек Дуановтың еңбегін айта кеткен орынды. Одан бөлек, кейінгі уақытта әлемдік Гран-При бәсекелерінен жерлестеріздің жүлдеге ілінуі өңірдегі дзюдо Федерациясы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының тізе қосып, жұмыс атқаруының нәтижесі десек, қапы айтпағанымыз.

 

Материал Kaz_judoteam дерегімен әзірленді

 

Дата и время публикации: 
20.04.19
Новости
Вчера поздно вечером в Будапеште завершился первый этап командных соревнований по фехтованию на шпагах. Сегодня будут разыграны награды, однако в дележе медалей сборная Казахстана, увы, не поучаствует.
22.07.2019
Результат, как говорится, налицо. Впрочем, не только на лицо.
21.07.2019
Молодёжная сборная Казахстана поражением завершила выступление на Чемпионате Азии.
21.07.2019
В Будапеште постепенно подходит к концу Чемпионат мира по фехтованию. Двое фехтовальщиков на шпагах из Усть-Каменогорска сумели проявить себя наилучшим образом на этом первенстве.
21.07.2019
Пару дней назад пришла приятная новость о том, что в родной город как минимум на один сезон вернётся центрфорвард Дмитрий Гренц. Сможет ли он нивелировать переход в «Барыс» Аркадия Шестакова?
20.07.2019
Двое представителей профессионального клуба «Алтай Атлетикс» помогли казахстанской эстафете обновить один из самых старых рекордов страны.
20.07.2019