Главная

Ерліктері ел жадында мәңгілік

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Семейде облыстық «Спорттық және жауынгерлік самбо» Федерациясы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 30 жылдығы, интернационалистік борышын өтеуде қаза тапқан жерлестерді еске алу мақсатында самбо күресінен облыс чемпионаты өтті.

Сайыс Семейдегі спорт академиясында ұйымдастырылды. Мұнда 1999-2000 жылы туған жастар өз мүмкіндіктерін байқаған болатын. Оның ішінде, ұлдар да, қыздар да 10 салмақ бойынша боз кілемнің көрігін қыздырды. Жарыстың ашылу салтанатына қатысқандар Ауған жерінде қаза тапқан жерлестерімізді бір минут үнсіздікпен еске алды. Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің Семей қаласындағы төрағасы Боранбай Бегатовтың айтуынша, бұл соғыста бұрынғы Семей облысынан 1100 адам қатысса, оның 44-і сол жақта көз жұмып,екі жауынгер хабар-ошарсыз кеткен. Сондай-ақ Ауған ардагерлеріне қатысты әлі де шешімін күткен мәселелер де бар көрінеді. Соның бірі – Ауған соғысы ардагерлерінің мәртебесі. Мәрте айқындайтын құжат Парламенттің төменгі палатасының қарауында көрінеді.
Ал жарысқа қайтып оралсақ. Жарыстың бас төрешісі, самбо күресінен ШҚО бойынша аға жаттықтырушы Біржан Имаханов бірінші және екінші орын алған балуандар 7 – 11 наурыз аралығында Алматы қаласында өтетін жастар арасындағы ел чемпионатына жолдама алатынын жеткізді.

Семей спорт академиясының баспасөз қызметі

Дата и время публикации: 
10.02.19
Новости
Сегодня в столице Белоруссии Минске прошёл открытый чемпионат Белоруссии по спортивной ходьбе. Представительница «Алтай Атлетикс» завоевала бронзовую награду.
24.08.2019
Усть-каменогорские мастера прыжков на батуте великолепно проявили себя на международном турнире в Грузии.
24.08.2019
Ольга Рыпакова выступит на заключительном перед финалом этапе "Бриллиантовой лиги" в Париже.
24.08.2019
Воспитанница усть-каменогорской школы волейбола Кристина Аниконова набрала четыре балла в матче с островитянками.
24.08.2019
«Сухарь» Валерия Севидова позволил «Алтай Торпедо» второй год подряд выйти в финал Кубка Казахстана, несмотря на поражение от «Бейбарыса».
23.08.2019
В Усть-Каменогорске прошла Спартакиада среди ветеранов, одной из дисциплин которой были состязания по волейболу.
23.08.2019