Главная

Ермаханға деген сенім ерекше

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бокстан Ұлттық құрама сапына бірқатар жас буын өткелі бері бәсекелестіктің арта түскені рас. Шығысқазақстандық былғары қолғап шебері Ермахан Жакпеков те талантты спортшылар қатарына еніп отыр.

 Ондай тізімге Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ыбрайымов енгізген екен. Еліміздің бокс федерациясына берген сұхбатында бұл пікірі жайлы кеңінен толығырақ тоқталды.

 Әр жарыс сайын 69 келі салмаққа үмітпен қараймын. «Қазақтың салмағы» деп бекер айтылып келе жатқан жоқ. Осы үрдістің бұзылуына жол бермеуіміз керек. Себебі, Асланбек Шымбергенов, Абылайхан Жүсіпов сынды өрендер әлемдік додаларда өздерін жақсы көрсетіп келеді. Одан бөлек, қазір 75 келіде сынға түсіп жүрген Ермахан Жакпеков те бабына енуде. Егер Ермахан 75 келіде қаламын десе, ол жерде Әбілхан Аманқұл, Ерік Әлжанов сынды «сен тұр, мен атайын» деген жігіттер бар. Қалай болған күнде де мұндай қызу бәсекелестік арқасында қоржынымыздың алтынсыз қалмайтыны сөзсіз. 91 келі салмақ та өте қызық. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левитке тәжірибе жинақтап келе жатқан Айбек Оралбай қосылса, Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында жүлде алуға тамаша мүмкіндік бар, – деді даңқты боксшы.

 Сонымен қатар, Ермахан Сағиұлы ірі додаларда Ресей мен Өзбекстан, одан қалса Еуропа елдерінің боксшылары бақталастық тудыруы мүмкін деген ойын ортаға салды.

 Материал еліміздің бокс федерациясы дерегімен әзірленді

 

 

Дата и время публикации: 
25.06.19
Новости
Волейбольный клуб «Алтай» сменил свой логотип на более современный, как считают его сотрудники.
19.07.2019
Статистика волейболисток сборной Казахстана в противостоянии с представительницами Северной Кореи.
19.07.2019
Ақтау қаласында өтіп жатқан дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия кубогінде шығысқазақстандық спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
19.07.2019
Похоже, что воспитанникам усть-каменогорской школы хоккейных вратарей снова места в воротах «Торпедо» не найдётся.
18.07.2019
На днях в Бангкоке состоялся 93-й Совет Азиатской Ассоциации лёгкой атлетики, который стал во многом историческим для Казахстана.
18.07.2019
Шығысқазақстандық жеткіншектер елордада өткен «Astana Open – 2019» республикалық балалар кубогінің IV кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
18.07.2019