Главная

Қалиевке кімдер қарсылас атанбақ?

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Төрт күннен кейін елордада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты жалауын көтереді. Осы ретте жерлесіміз Расул Қалиев белдесетін 61 келі салмаққа көз жүгіртуді жөн көрдік.

 Елімізге ат басын бұратын еркін күрес шеберлерінің біршамасы көпшілікке таныс. Жармалық спортшының түрлі халықаралық додаларда жүлде алғаны рас. Оның ішінде 2014 жылы елордада өткен құрлықтық чемпионатта топ жарғанын тілге тиек етсек болады. Дегенмен оның жолына кесе көлденең тұратындар жетерлік.

 Алдымен ресейлік Магомедрасул Идрисовке тоқталып өтейік. 23 жастағы Хасавюрт қаласы тумасының бағындырған белестері жетерлік. Алты жылдың ішінде 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатында, Ресей чемпионатында топ жарған. Одан бөлек, осының алдында өткен Ресей біріншілігінде тәжірибелі Гаджимурад Рашидовтың жолына кесіп Әлем чемпионатына жолдама алды. Әзірбайжандық Ахмеднаби Гварзатилов та оңай шағылар жаңғақ емес. 2016 жылы Румынияда өткен әлемдік аламанда қола, ал өткен жылы АҚШ-та өткен Әлем кубогінде күміс жүлдеге ие болған спортшы. Грузиядан тас-түйін әзірлікпен келетін Бека Ломтадзе да тек жүлде үшін келері сөзсіз. Жиырманың жетеуіндегі тәжірибелі спортшы екі рет Еуропа чемпионатында күміс медаль еншілеген. Одан бөлек, 2016 жылы Будапештте өткен Әлем чемпионатында да екінші орын иеленген-ді. Сондай-ақ, жапонның жас өкілі Каики Ямагучи, үндістандық Рахул Аваре сынды палуандар тұғырдан орын алу үшін келетіндері хақ.

 

 

 

 

Дата и время публикации: 
10.09.19
Новости
После стартового игрового дня усть-каменогорский "Алтай" имеет самые убедительные статистические показатели и занимает первое место в группе "А", хотя по составу участников параллельная группа будет посильнее.
15.09.2019
Сайт VKsport.kz с радостью делится впечатлениями от первого соревновательного дня Кубка Казахстана по волейболу среди женщин. В течение дня мы будем добавлять информацию сразу после окончания встреч, так что обновляйте страницу почаще и не покидайте пределов нашего портала.
15.09.2019
Қыркүйектің 11-13 аралығында Өскемендегі ҚР "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери базасында әскери техникаларды жүргізу бойынша ел чемпионаты өтті.
15.09.2019
В преддверии стартующего завтра Кубка Казахстана знакомим вас с ещё одной новенькой волейболисткой «Алтая».
14.09.2019
Ещё в 2015 году в столице лыжных гонок нашей страны было запланировано строительство парка Первого президента Республики Казахстан. Однако к делу так и не приступили.
13.09.2019
Столица Дании превратится в эпицентр мирового стайерского бега с более чем 25000 участников из всех уголков мира.
13.09.2019