Главная

Қалиевтің қарсыласы жүлдеден мүлде қағылды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Біріккен Күрес Әлемі қазір өзіне Иран елінің жұртшылығының назарын аудартып, наразылығын тудыруда. Бар мәселе, жуырда Италияда өткен рейтингілік турнир кезіндегі ирандық балуанның алтын медальдан айырылуында болып тұр.

Сайып келгенде, бұған Ислам республикасының спортшысы Мохаммадбахер Яхкеши жазықты емес екен. Естеріңізде болса, сол додада 61 келінің финалында Яхкеши шығысқазақстандық балуан Расул Қаливепен белдескен-ді. Шиеленісті өткен кездесуде 7:2 есебімен басып түскен Иран елінің өкілі «Matteo Pellicone Memorial» турнирінің алтынын мойынға ілген. Алайда көп уақыт өтпей, оның алтынын қайта алып, екінші орын иеленген жерлесімізге берген болатын. Бұл жерде Біріккен Күрес Әлемінің кітабындағы ережеге сәйкес, әр елдің спортшысы марапаттау рәсіміне өз мемлекетін таныстыратын ресми киіммен шығулары тиіс. Ал Мохаммадбахер тұғырда жейдемен тұрған. Кейін мәлім болғандай, Иран елі тұтастай ресми киім әкелмеген екен. Расымен, таңғаларлық жайт! Қазір бұл елде аталған мәселе қызу пікірталасқа түрткі болуда. Бұл ғана емес, грек-рим күресінен осы елдің бас бапкері Голамреза Мохаммади де жазасыз қалмай, оған он мың швейцариялық франк айппұл салынды. Ол жақта мұндай келеңсіз жайтқа Иран командасының жетекшісі Хади Хабиби айыпты болып отырған көрінеді. «Турнир регламентін білмегені қалай, спортшылардың ресми киімін қадағаламағаны несі?!» деген сұрақтары тағы бар. Біріккен Күрес Әлемі де сынның ортасына алынды. Тіпті, Иранның күрес федерациясының сайтында «Біріккен Күрес Әлемінің түсініксіз шешімі» деген тақырыппен, 61 келінің марапаттауының фотосы қойылған заметка да жазылған. Ол жерде өздеріңізге белгілі, Мохаммадбахер қысқа жеңді жейдемен тұр. Жазылған материалда осыған дейін форма сақтамау ережесіне көз жұмып, ирандықтар жеңіске жеткенде бірден жазықты еткендеріне наразылық анық байқалған екен. Сондай-ақ балуанның елі мұндай ереже сақтамаушылық тер төгіп жеткен жеңісті жоққа шығаратындай тым маңызды деп санамайды.
Сөйтіп, талапқа сай киіммен шықпаған ирандық спортшы сайыстан шеттетіліп, жүлдеден мүлде қағылды. Психологиялық соққы болып тиетіні сөзсіз бұл жайттың. Десе де, алдағы уақытта мұндай олқылық Иран күрес федерациясына да үлкен сабақ болуы тиіс.

Материал wrestdag_rd дерегімен әзірленді

Дата и время публикации: 
30.05.19
Новости
В Усть-Каменогорске продолжается первый большой тур чемпионата Казахстана по волейболу среди женских команд Национальной лиги.
14.11.2019
Совсем скоро стартует зимний соревновательный сезон, в котором мы будем ждать успехов прежде всего от молодых наших спортсменов. Для того, чтобы наши ожидания оправдались, сейчас ведётся большая работа на различных сборах.
14.11.2019
Минувший игровой день Высшего дивизиона Лиги Чемпионов Бизнеса получился весьма ярким. Комментарии после игр – соответствующие!
14.11.2019
Татьяна Нерознак из сборной Казахстана по лёгкой атлетике одержала громкую победу в Узбекистане.
14.11.2019
С 1 января 2021 года войдут в силу поправки к антидопинговому кодексу, некоторые из которых носят парадоксальный характер.
13.11.2019
Жерлесіміз Ерасыл Қажыбаев күншығыс елінің Осака қаласында өтетін кезекті «Grand Slam» бәсекесінде бақ сынайды. Әзірге дзюдошылар соңғы оқу-жаттығу жиындарын пысықтауда.
13.11.2019