Главная

Қайсанов қола жүлдеге ие болады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Жерлесіміз Данияр Қайсановтың қарсыласы, франциялық Зелимхан Хаджиевтің тыйым салынған препарат қолданғаны расталып, қола медаль шығысқазақстандық палуанға берілмек.

 Бұл ақпаратты Біріккен Күрес Әлемі растап отыр. Берілген мәліметке сүйенсек, 74 келіде белдескен Франция елінің өкілі Зелимхан Хаджиев тыйым салынған препаратты 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен Әлем чемпионатында қолданған. Хаджиев қана емес, өзбекстандық Хасанбой Рахимов (125 келі) пен сириялық Баджа Хутабтың да антидопингтік ережені бұзғандықтары анықталды. Елімізде өткен Әлем чемпионатының қорытындысына көз жүгірткен соң арнайы ұйым қытайлық Живей Денг (125 келі) пен жерлесіміз Данияр Қайсановқа (74 келі) қола медальді табыстайтын болады.

 Естеріңізде сала кетейік, елордада өткен әлемдік додада қола медаль үшін болған белдесуде Данияр Қайсанов Зелимхан Хаджиевке 3:4 есебімен жол берген болатын. Енді франциялық спортшы үлкен спорттан шеттетіліп отыр.

 Фото kazakhstan_wrestling сайтынан

 

 

Дата и время публикации: 
20.02.20
Новости
Вспомним, что происходило в этот день в восточноказахстанском спорте в предыдущие годы.
07.04.2020
Глава Федерации лёгкой атлетики Казахстана Асхат Сейсембеков поделился своим мнением о том, что хотел сказать Касым-Жомарт Токаев своим нашумевшим «твитом».
06.04.2020
Давайте вспомним, что происходило в спорте ВКО 6 апреля в предыдущие годы.
06.04.2020
Легкоатлет "Алтай Атлетикс" выложил фото со стройки в форме своего клуба.
06.04.2020
Стали известны соперники сборной Казахстана по смешанному волейболу на Кубке Наций.
05.04.2020
Самая звёздная из действующих гимнасток Усть-Каменогорска Рената Жолдинова после великолепного выступления в Кубке Казахстана и завоевания серебряной медали в многоборье в соцсетях намекнула на возможность завершения карьеры. В эксклюзивном интервью нашему изданию Чемпионка Азии пояснила причины появления подобных мыслей.
03.04.2020