Главная

Қайсановтан қаймығатындар бар ма?

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бүгін елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен Әлем чемпионатында төрт салмақта еркін күрестен бәсекелер өрбиді. Кеше жеребе тартылып, 74 келіде белдесетін жерлесіміз Данияр Қайсановтың қарсыластары анықталды.

 Ресейлік бірқатар танымал ресми күрес парақшалары алдын ала болжам жасап, жүлде иеленіп қалулары мүмкін деген палуандарды назарға алуда. Әрине, жұрт назары кіл мықтылар бас қосқан 74 келіге ауып отырғаны сөзсіз. Әлемдік рейтингіде көш бастап тұрған Фрэнк Чамизо, одан кейінгі Джордан Барроуз, ресейлік Заурбек Сидаков, Грузия елінің өкілі Автандил Кенчадзе, үндіс Сушил Кумар...тағысын тағы. Кеше жеребе тарту рәсімінде екі топқа бөлінген палуандар есімі анықталған еді. Ресейлік ресми парақша дерегіне сенсек, 74 келіде бірінші топта Заурбек Сидаков жартылай финалға дейін аптықпай жететін көрінеді. Тіпті қалпақпен қағып алады дегенді алға тартуда. Ал ақтық сын жолдамасын сарапқа салатын текетіресте Сидаков пен Барроуз жолығады деп топшылауда. Десе де білгірлер түрік Сонер Демирташ, өзбекстандық Бекзод Абдурахмонов сынды спортшыларды тізімнен шығармады. Ал келесі топта жартылай финалда италиялық Чамизоның бабы келіседі дейді. Бір айта кетерлігі, биылғы Азия чемпионы Данияр Қайсанов пен грузиялық Автандил Кенчадзені айтарлықтай қарсылық мүмкін екендіктерін жеткізді.

 Сәуір айында Италияда өткен «Matteo Pellicone Memorial» рейтингілік турнирінің ақтық сынында Чамизо-Қайсанов арасындағы есептің 4:6 болғанын ескерсек, Көкпекті ауданының тумасына есе қайтарудың сәті түсетініне сенім мол.

 

 Фото автордікі

 

 

Дата и время публикации: 
20.09.19
Новости
Угадайте, в какой лиге теперь не будет представлена родина казахстанского хоккея?
01.06.2020
Сегодня – три года великому матчу в исполнении женской команды «Алтай».
30.05.2020
Ситуация с послаблением режима карантина довольно странным образом отразилась на спорте. С одной стороны, тренировки не запрещены. Но и в полной мере разрешёнными их назвать довольно сложно.
29.05.2020
Последнее золото Кузнецова, первое золото для «Алтай Атлетикс» и последний триумф «Алтая».
29.05.2020
По подозрению в хищении бюджетных средств во время строительства учебного корпуса новой школы в Риддере задержаны спортивные чиновники
28.05.2020
Вчера стало окончательно известно о том, что Александр Шин и Евгений Рымарев впервые с сезона 2014/15 проведут хоккейный год в разных командах. Кто из них потеряет от этого разделения больше?
27.05.2020