Главная

Қайсановтың қарсыласы өзгерді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Олимпиада ойындарында еркін күрестен Әзірбайжан елінің атынан жолдама иеленген палуанның орнына өзге отандасы шықпақ. Жеребе жолықтырып жатса, сол спортшы жерлесіміз Данияр Қайсановқа қарсылас атануы бек мүмкін.

Әу баста 74 келіге дейінгі салмақта Әзірбайжан намысын Хаджимурад Гаджиев қорғайды делінген еді. Дегенмен осыдан бірнеше апта бұрын Дағыстанның тумасы аяғынан ауыр жарақат алып, оқу-жаттығу жиынында жүрген жерінен ақ халаттыларға жүгінуге мәжбүр болған.

Осыған дейін Будапешт қаласындағы еуропалық іріктеу турнирінде сәтті белдесіп, төртжылдықтың басты бәсекесіне жолдама иеленгенімен енді Токиоға бара алмайды. Есесіне Әзірбайжан елінің күрес басшылығы бұл салмаққа біршама жас, ұлты үміт күтетін 20 жастағы Туран Байрамовты қоюды жөн көрді.

Айта кетейік, 74 келіге дейінгі салмақта көкпектілік Данияр Қайсанов бақ сынайды. Бәлкім іріктеу белдесулерінің бірінде осы Байрамовпен жолығып қалуы кәдік.

Дата и время публикации: 
29.07.21
Новости
ШҚО палуандары Әбілсейіт Айхановты еске алуға арналған 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы республикалық турнирде төрт медаль иеленді.
22.09.2021
Мұндай нәтижеге Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктердің әсер еткені сөзсіз
14.09.2021
Аталған жарыста жерлестеріміз түрлі медальдар жиынтығына қол жеткізді.
13.09.2021
Шығысқазақстандық палуандар Нұрсұлтан Тұрсынов пен Алмат Кебіспаев Норвегияда өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
08.09.2021
Ресейдің Қазан қаласы еркін күрестен 21 жасқа дейінгі жеті мемлекеттің кіл мықтыларын жинап, ауқымды аламан өткізді. Аталған сында жерлесіміз Айдос Жылқайдаров та бақ сынап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
07.09.2021
Похоже, что 9 лет тёмных времён для велоспорта Восточно-Казахстанского спорта подошли к концу – усть-каменогорская велосипедистка сенсационно выиграла бронзовую медаль юниорского Чемпионата Мира на треке.
06.09.2021