Главная

Қайсановтың салмағында қай палуан оза шабады?

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Көкпектілік еркін күрес шебері Данияр Қайсановтың салмағында ертеңнен бастап «айқас» болайын тұр. Ресейдің Наро-Фоминск қаласында ел чемпионаты басталып, 74 келі салмақтағы үздіктер бозкілемге беттейді.

Әзірге жерлесіміз, Әлем чемпионатының қола жүлдегері 74 келіде қазір сөз етілетін палуандармен бозкілемде жолықпады. Айталық, Разамбек Жамалов, Хетаг Цаболов, Магомед Курбаналиев, Магомедрасул Газимагомедов және Заурбек Сидаков. Бесеуі де Әлем чемпиондары. Сидаков тіптен, екі мәрте жаһандық жарыстар жеңіп шыққан жігіт.

Жамаловтың 74 келіге ауысқанына көп болды деуге келмес. Жасы қарайлас, елішілік додаларда Солтүстік Қазақстанның намысын қорғап жүрген Нұрғожа Қайпанов И.Ярыгин атындағы турнирдің ширек финалында Жамаловпен жолы түйіскен болатын. Шиеленісті өткен тартыста 8:7 есебімен Жамалов басым түскен-тін. Одан кейін Дүниежүзілік әскерилер ойынында Нұрғожа Хетаг Цаболовпен шешуші сында жолығып, есе жібереді. Енді осындай аламандардың бірінде Қайсановтың да ресейлік палуандармен шеберлік байқасуы мүмкін.

Осы ретте алдағы уақытта ел чемпионатының да өткізілуі мүмкін екендігін айта кетейік.

 

 

Дата и время публикации: 
15.10.20
Новости
Қазір Күншығыс елінің бұрымдылары Токиодағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда.
30.10.2020
Будапешт қаласындағы әлемдік турнир мәресіне жеткен соң халықаралық дзюдо федерациясы жаңартылған рейтинг ұсынды.
30.10.2020
ВК «Алтай» уступил «Атырау» за право сыграть в финале Кубка Казахстана. Но едва ли кто-то сможет упрекнуть нашу команду в безволии.
28.10.2020
Сегодня состоялся очередной тур Чемпионата Казахстана по футболу Первой лиги.
28.10.2020
«Алтай» в финале Кубка Казахстана сыграет с «Жетысу». Получится ли у Бурхана Жанболата взять реванш?
28.10.2020
Алтайлық зілтеміршіні еліміздің ауыр атлетика федерациясының басшылығы, бапкерлер, сондай-ақ қалың жанкүйері құттықтауда.
28.10.2020