Главная

Қоланы алтынға алмастырған күн

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Қытайдың Сиянь қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында ел құрамасына екінші алтынды шығысқазақстандық балуан Данияр Қайсанов әперді.

ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің тәрбиеленушісі Сиянь боз кілемін дүр сілкіндірді. Жерлесіміз алдымен моңғол және өзбек балуандарын ойсырата ұтты. Одан ары жартылай финалда Бахрейін елінің намысын қорғап жүрген Адам Батыровпен жолы түйісті. Бұл жерде белдесу болмады. Батыров жарақат алуына байланысты белдесуден бас тартты. Сөйтіп, жеңіс шығысқазақстандық спортшының еншісіне жазылды. Ал ақтық сында Әлібек Нүкенов пен Мейірбек Байжановтың қол астында жаттығатын жерлесіміз үндістандық Амит Кумар Дханкармен шеберлік байқасты. Тактикалық тұрғыда сауатты қимылдап, белдесу тізгінін бермеуге тырысты. Екі кезең бойынша жауапсыз бес ұпай иеленген Данияр жеңісті уыстан шығармады. Қорытындысында, жерлесіміз 74 келі салмақта Азия чемпионы атанды. Төреші жеңімпаз қолын көтерген соң, шығысқазақстандық өрен бапкерімен бірлесе байрағымызды боз кілемде желбіретіп, ел мерейін тіптен асқақтатты. Күміс медаль тиісінше, үндіс балуанына бұйырса, қола жүлде моңғол және ирандық спортшының еншісінде кетті. Айта кетейік, мұның алдында өңірімізден Жарма ауданының тумасы Расул Қалиев сары құрлықта топ жарған еді. Енді бұл нәтижені көкпектілік Данияр Қайсанов қайталап отыр. Тағы бір жерлесіміз Олег Болтин (125 келі) алғашқы белдесуін жеңіспен аяқтағанымен, іле сәтсіздікке ұшырап, жүлдеге іліне алмады.

Естеріңізде болса, Данияр 2018 жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында күміс медаль иемденген еді. Одан бөлек, Бішкекте жалауын көтерген құрлықтық чемпионатта қола медальға қол созған-ды. Ал осы жолы шығысқазақстандық спортшыға ешбір балуан шыдас бере алмады.

 

 

Фото жаттықтырушылар тарапынан ұсынылды 

Дата и время публикации: 
24.04.19
Новости
Вчера поздно вечером в Будапеште завершился первый этап командных соревнований по фехтованию на шпагах. Сегодня будут разыграны награды, однако в дележе медалей сборная Казахстана, увы, не поучаствует.
22.07.2019
Результат, как говорится, налицо. Впрочем, не только на лицо.
21.07.2019
Молодёжная сборная Казахстана поражением завершила выступление на Чемпионате Азии.
21.07.2019
В Будапеште постепенно подходит к концу Чемпионат мира по фехтованию. Двое фехтовальщиков на шпагах из Усть-Каменогорска сумели проявить себя наилучшим образом на этом первенстве.
21.07.2019
Пару дней назад пришла приятная новость о том, что в родной город как минимум на один сезон вернётся центрфорвард Дмитрий Гренц. Сможет ли он нивелировать переход в «Барыс» Аркадия Шестакова?
20.07.2019
Двое представителей профессионального клуба «Алтай Атлетикс» помогли казахстанской эстафете обновить один из самых старых рекордов страны.
20.07.2019