Главная

Конфедерация кубогі шығысқазақстандық дзюдошыларға бұйырды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өңірдегі татами шеберлері Алматыда өткен Конфедерация кубогінде топ жарып, облыстағы дзюдошылардың дайындығы ойдағыдай екендігіне тағы бір мәрте көз жеткізді.

 Өткен жылы жерлестеріміз жүлдеден шет қалған болатын. Алайда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен спортшылар түрлі оқу-жаттығу жиындарына қатысып, тәжірибелерін толықтыра түскен. Одан бөлек, аймақтағы дзюдо Федерациясының президенті Рустам Закариянов та ұдайы қолдауын аямаған. Естеріңізде болса, татами шеберлері еркін күрес палуандары сияқты қазан айында жартылай финалда жолдама алып қойған болатын. Конфедерация кубогіне дейін Өскеменде өткен Марат Чегеевты еске алуға арналған халықаралық турнир де жерлестерімізге біршама тәжірибе болғаны сөзсіз. Шаһардағы дзюдо орталығында сапалы әзірлік жүргізген спортшыларымыз артынып-тартынып Алматыға жол тартты. Жартылай финалдағы қарсылас – Алматы облысының дзюдошылары. Сөйтіп команда қоржынына алғашқы ұпайда семейлік Қуан Барыс салды. 73 келіде татамиге беттеген жерлесіміз өзінің сыралғы қарсыласы Ілияс Нүсіпбайдан басым түсті. Десе де 70 келідегі Зере Бектасқызы жеңісті жолды жалғастыра алмай Мөлдір Нарыноваға жол берді. Таразы басы теңесті. Бұдан іле 90 келі салмақта өз мүмкіндігін байқаған Алмас Акрашев Айдос Майданның осал тұсын тауып, айқын ұтты. Ал бұдан кейін алыптар бәсекесінде Әділ Оразбаев (90 келіден жоғары) және бұрымдылар арасында Назерке Тілеуханова (70 келіден жоғары) белдесулерін жеңіспен аяқтап, ақтық сынға жолдама әперді. Әрі қарай жерлестеріміздің жолы ақтөбеліктермен түйісті. Жеңіске деген соңғы қадам. Алайда 70 келі салмақта алғашқы белдесуін сәтсіз өткізген Зере Бектасқызы бұл жолы жинақылық танытып, қарсыласы Аруна Жангелдинаның жолына тосқауыл қойды. Дегенмен келесі кездесуде 90 келі салмақтағы жерлесіміз Ғабит Дәулетбай Әділет Миссиннен айласын асыра алмай, таразы басының теңесуіне мүмкіндік бермеді. Жағдайды Назерке Тілеуханова түзеп, Аяла Мерекені қосымша берілген уақытта ұта білді. Оның ізін ала ауыр салмақтағы Әділ Оразбаев Дархан Темірхановты мерзімінен бұрын жеңіп, басымдықты нығайта түсті. Жалпы есеп – 3:1. Зарина Сарипова (57 келі) белдесуін сәтті өткізсе болды, жеңіс жерлестеріміздің қолында! Алайда Алматы облысының өкілі Бақыт Құсақбаева оңай шағылар жаңғақ болмады. Қосымша уақытта жеңіске жетіп, есепті 3:2-ге жеткізді. Соңғы болып Қуан Барыс татамиге беттеді. Қарсылас самбодан Әлем чемпионы Есет Қуанов. Алайда бұдан қаймыққан Қуан жоқ. Белдесу бойы белсенділік танытуымен болды. Сөйткенде қосымша уақытта әдіс жасауға жиі әрекеттенгені ескеріліп, қарсыласына ескерту берілді. Осылайша жартылай финалда қоржынға алғашқы ұпай әперген Қуан, командаға жеңіс ұпайын да әкелді.

Фото жаттықтырушылар тарапынан ұсынылды

 

 

Дата и время публикации: 
12.12.19
Новости
Сегодня не стало директора восточноказахстанского филиала Федерации Тенниса Казахстана Александра Липова.
11.07.2020
Сегодня патриарху тренерского цеха женского волейбола ВКО Николаю Ивановичу Благову исполнилось бы 70 лет. Его душа и сердце были слишком большими, чтобы ограничиться дежурными словами о том, что это был великий тренер, который подарил нам радость профессионального женского волейбола в нашем регионе. Жизнь Николая Ивановича – тема для большого биографического труда. И сегодня мы постараемся познакомить вас с мэтром поближе, хотя, признаемся, белых пятен в его истории ещё очень и очень много.
11.07.2020
В «Торпедо» не стали делать секрета из того, как именно изменились планы предсезонной подготовки старейшей команды страны в связи с ремонтными работами во Дворце Спорта им. Б. Александрова.
07.07.2020
Сегодня исполнился ровно год с тех пор, как в Алматы отгремел, не побоимся этого слова, лучший в истории международный турнир по лёгкой атлетике памяти Гусмана Косанова. Почему именно 29-е в истории проведение этого турнира стало самым успешным в истории? Своё мнение на эту тему изложил один из наших авторов.
07.07.2020
«СЭ» продолжает цикл материалов — «звезды, которые ушли слишком рано». Мы рассказываем о выдающихся хоккеистах, которые многого добились по ходу игровой карьеры, но чья жизнь, к сожалению, продлилась не так долго. В очередном материале — история олимпийского чемпиона, нападающего Бориса Александрова.
06.07.2020
Доверилась суперфотографу Наталье Чечулиной и не прогадала.
05.07.2020