Главная

Констанца қаласында қоғадай жапырды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Ұландық күрес шеберлері Румынияда өткен байрақты бәсекеде жоғары нәтиже көрсетіп, Шығыс топырағында аталмыш спорттың айтарлықтай дамып келе жатқандығын тағы бір дәлелдеді.

 Ұлан ауданының спортшылары Ораз Басаров пен Деши Дурсаева армрестлинг бойынша кезекті мәрте Әлем чемпионы атанды. Румынияның Констанца қаласында өткен 41-ші Әлем чемпионатында олар қос қолымен де алтын медаль иеленді. Қуанарлық жайт, бұл Ораздың Әлем чемпионатындағы бесінші жеңісі. Жастар арасында және ерлер сапында 55 келі салмақта өнер көрсетіп, қарсыластарын қоғадай жапырды. Ал Деши дәл осы нәтижені қыздар және әйелдер санатында қайталады. Бұл ғана емес, білікті бапкер Ерлан Уалиев даярлайтын құрыш білекті спортшылардың жеңісті жолын 90 келіде Мөлдір Нарынова мен Владислав Губушкин жалғады, Мөлдір жасөспірімдер және әйелдер арасында екінші, ал Владислав Губушкин мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үздік үштікті қорытындылады. Осы ретте аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов спортшыларды жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта табыс пен биік жетістіктер тілейтінін жазған болатын әлеуметтік желіде. Айта кетейік, Әлемнің кіл мықтылары жүлделі орындарды сарапқа салу үшін 26 қазан мен 3 қараша аралығында шеберлік байқасқан-ды.

 

Фото жаттықтырушылар тарапынан ұсынылды

 

 

Дата и время публикации: 
07.11.19
Новости
Сезон для Шэдрака Коеч продолжается. Недавно он помог легендарному кенийцу Кипчоге сделать историю. А теперь в Нидерландах попробует сделать это сам.
15.11.2019
Обычно в рамках Лиги Чемпионов Бизнеса игры проходят по туровой системе – все команды играют в один день. Но на то оно и правило, чтобы из него были исключения. Один вынесенный на середину недели матч, на самом деле, стоил того, чтобы о нём поговорить отдельно.
15.11.2019
В Усть-Каменогорске проходит тур чемпионата Казахстана по волейболу среди женщин. Наши команды синхронно одержали первые победы.
15.11.2019
«Торпедо» проигрывает второй домашний матч подряд, не забив при этом вообще ни одной шайбы.
15.11.2019
Лучшая спецодежда по лучшим ценам!
15.11.2019
В Усть-Каменогорске продолжается первый большой тур чемпионата Казахстана по волейболу среди женских команд Национальной лиги.
14.11.2019