Главная

Қоржында қос алтын

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Палуандарымыз қытайлық Тайпейде өткен күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында осындай жетістікке жетті. Грек-рим күресінен болашағынан мол үміт күттіретін жерлестеріміз құрлықтық додада үздік нәтиже көрсетті.

 Алдымен жеңіл салмақтан бастайық. Бозкілемге 48 келі салмақта семейлік Оңдасын Хамитов беттеді. Бір айта кетерлігі, Оңдасын осының алдында қарашаның 8-10 аралығында Ресейдің Новосибирск қаласында өткен ауқымды турнирде қарсылас шақ келтірмеген еді. Бапкерлер сенімін ақтап, бұл жолы да жеңісті жолын сәтті жалғастырды. Алғашқы айналымда Сауд Арабиясының сенімін арқалаған Аигхамди Абдулазизді 9:0 есебімен, артынша Үндістанның үкілеген үміті Харикеш Харикештен 13:5 есебімен басым түсті. Ал үшінші белдесуінде бозкілем қожайыны Чу Тинг Вейді 8:0 есебімен тас-талқан етіп, алтын медальді мойынға тақты. Тағы бір алтынды 85 келі салмақта өз мүмкіндігін байқаған Есім Тұрысбек иеленіп, ел құрамасының жалпыкомандалық есепте көш басына шығуына сүбелі үлес қосты. Айта кетейік, палуандардың Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетуіне Елдос Жұманов, Медеу Жексенбаев, Саят Қанапиянов, Мәди Жарболов және Мереке Еркешұлы сынды бапкерлер еңбегін айта кеткен абзал.

 

 Фото жаттықтырушылар тарапынан ұсынылды

 

 

Дата и время публикации: 
27.11.19
Новости
Результаты первого соревновательного дня Чемпионата Казахстана по лёгкой атлетике.
17.01.2020
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясында спорттық және жауынгерлік самбодан ерлер мен әйелдер арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.
17.01.2020
На Чемпионате Казахстана по лёгкой атлетике в Усть-Каменогорске разыгран первый комплект наград.
17.01.2020
Две немецкие спортсменки составили достойную конкуренцию нашей «вундеркиндше» Анастасии Городко.
16.01.2020
Интервью нашему порталу дала капитан сборной страны Алеся Сафронова, которая подытожила выступление команды на Олимпийском квалификационном турнире, ответила критикам, расставила все точки над всеми буквами по вопросу о Фендриковой и рассказала о главной проблеме нашего волейбола.
16.01.2020
Жерлестеріміз грек-рим күресінен Францияда өтетін Анри Дегланды еске алуға арналған халықаралық турнирде өнер көрсетеді.
16.01.2020