Главная

Қоржында төрт алтын, екі қола

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Қарағанды қаласында киокушинкай-кан каратэден өткен V жазғы республикалық спартакиадада шығысқазақстандық спортшылар үздік нәтиже көрсетті.

Сайыс жасөспірімдер мен қыздар, жастар, сондай-ақ ересектер мен әйелдер арасында өтті. Еліміздің 12 өңірінен келген каратэшілердің ұзын саны 250-ден асып жығылды. Аталмыш сында аймақ намысын 13 споршы қорғаған-ды. Тәжірибелі жаттықтырушы Жанболат Тоқсанбаевтың жетекшілігімен және бас бапкер А.Искакова баптап апарған өрендер төрт алтын және екі қола жүлде алып, аймақ абыройын асқақтатып қайтты. Атап айтсақ, 16-17 жас ерекшелігінде 55 келі салмақта Арман Слямбаев, 18 жастан жоғары жас ерекшелігінде, 65 келі салмақта Сержан Ботабаев қола медальға қол созды. Ботагөз Мұқашева 16-17 жас ерекшелігінде 60 келіден жоғары салмақта, дәл осы жас ерекшелігінде 60 келіге дейінгі дәрежеде, одан ары 70 келіге дейінгі салмақта Әли Берікұлы және 60 келіден жоғары салмақта, 18 жастан жоғары спортшылар арасында Еламан Мұқашевтар алтын медальға қол жеткізді. Сондай-ақ мұндай жарқын жетістік жерлестерімізге  жалпыкомандалық есепте үшінші орын иеленуге мүмкіндік берді. Өз кезегінде, бірінші орынға астаналық спортшылар, олардың ізін ала, Ақмола облысының каратэшілері екінші орынға жайғасты. Бапкерлік құрам спортшылардың жүлдені молынан алуына қолдау білдірген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыс білдіруде.

 

Фото жаттықтырушылар тарапынан ұсынылды

 

Дата и время публикации: 
21.03.19
Новости
Пару дней назад пришла приятная новость о том, что в родной город как минимум на один сезон вернётся центрфорвард Дмитрий Гренц. Сможет ли он нивелировать переход в «Барыс» Аркадия Шестакова?
20.07.2019
Двое представителей профессионального клуба «Алтай Атлетикс» помогли казахстанской эстафете обновить один из самых старых рекордов страны.
20.07.2019
Сборная Казахстана (U23) проиграла в четвертьфинале молодёжного Чемпионата Азии хозяйкам площадки.
20.07.2019
Волейбольный клуб «Алтай» сменил свой логотип на более современный, как считают его сотрудники.
19.07.2019
Статистика волейболисток сборной Казахстана в противостоянии с представительницами Северной Кореи.
19.07.2019
Ақтау қаласында өтіп жатқан дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия кубогінде шығысқазақстандық спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
19.07.2019