Главная

Көш басында Хифуми тұр

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Татами бәсекесі дегенде бірден жапондықтар көз алдымызға келеді. Себебі, әлемдік рейтингте қай салмақта болмасын, «күн шығыс» елінің өкілдері көш басында, болмағанда ондықтың ішінде жүреді.

Халықаралық дзюдо федерациясының бақылауындағы әлемдік рейтингте Абе Хифуми көш басында. Ол өзі қатысқан барлық бәсекеде ұпай алған. Еншісінде 6050 ұпай. Оның ізін ала, Грузия елінің үздігі Важа Маргвелашвили тұр. Важа 5780 ұпай жинап үлгерген екен. Соңғы рет ол Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы «Masters» турнирінде қола медаль иеленіп, 900 ұпай еншілеген-ді. Ал үштікті түйіндеп тұрған Джошури Маруямо есімді тағы бір жапон спортшысы. Маруямо сол «Masters» турнирінде тұғырдың ең биігіне көтеріліп, 1800 ұпайға қол жеткізген екен. Әзірге қоржынында 5065 ұпай бар. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, үржарлық Ерлан Серікжанов болса, осынау үздіктер арасында ондықты қорытындылап тұр. Соңғы қатысқан «Masters» додасында жүлде ала алмады өкінішке орай. Бірақ аталмыш рейтінгіге сүйенсек, Серікжанов осы күнге дейін 3400 ұпай жинапты. Оның ізін ала, отандасымыз Елдос Жұмақанов 3085 ұпаймен 11 орынға жайғасқан екен.

 

Фото www.ijf.org сайтынан алынды

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
26.12.18
Новости
В Усть-Каменогорске завершился республиканский турнир на призы теннисного центра «SMASH». Финалы получились яркими - завершающей вспышкой.
18.06.2021
Бапкерлік құрам Түркияның астанасы Стамбулда өтетін сайыста ел намысын кімдер қорғайтынын жариялады.
18.06.2021
В Усть-Каменогорске определились финалисты одиночного разряда республиканского турнира на призы теннисного центра «SMASH».
17.06.2021
Халықаралық күрес парақшалары дерегінше, осыған дейін жоғары ұпай жинаған палуандар Олимпиада ойындары алдында төрт топқа бөлінеді.
16.06.2021
В Усть-Каменогорске сыграны четвертьфинальные матчи турнира на призы теннисного центра «SMASH».
16.06.2021
Мастер батутной гимнастики из Усть-Каменогорска выиграл серебряную медаль этапа Кубка Мира.
15.06.2021