Главная

Қуанның қарқыны қатты болды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Талғат Ақтаевты еске алуға арналған Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында шығысқазақстандық дзюдошылар алғашқы алтынға ие болды.

Сайыс иелерінің қоржынына алтын медальді кім әперді дейсіздер ғой? Одан бөлек, бұл бірінші күннің нәтижесі бойынша аймақ қоржынына түскен жалғыз жүлде. Сонымен, барлық қарсыласының алдын орап, айдарынан жел ескен өрен – Қуан Барыс. Семейлік спортшы 73 келі салмақта өзін еркін сезініп, әр белдесуін бақылауда ұстады. Бір жағынан, бапкерлік құрамның алға қойған тактикасы осы болса керек. Финалдық белдесуді айтарлықтай сенімді өткізді. Ел чемпионы атағын сарапқа салған текетіресте жерлесімізге елордалық Тілек Тоқтасынұлы қарсы тұрды. Таблодағы уақыт 3:01 уақытын көрсетіп тұрғанда, Тілек вазари ұпайын алды. Артынша, төрт секундтан кейін Қуан Нұр-Сұлтан қаласының өкілін аяғын аспаннан келтіріп, таза жеңіске жетті. Жеке бапкері Асқар Арқабай да шәкіртінің айқын жеңісіне дән риза. Сайт тілшісіне берген сұхбатында, Қуан Барыс облыстың бас бапкері Бақытбек Дуанов, өзінің әкесі, сондай-ақ жоғарыда аталған бапкері Асқар Арқабайдың осы жеңіске жетуіне негіз болғанын жеткізді. Спорт шеберлігіне үміткер болып жүрген Қуан, енді «спорт шебері» атанып отыр. Дзюдошы мұнымен шектеліп қалмақ емес. Осыдан кейін Алматы облысында оқу-жаттығу жиынына қатысып, артынша ірі жарыстарда бақ сынайтынын айтты.

Суретте Қуан Барыс оң жақта

Дата и время публикации: 
04.05.19
Новости
«Алтай» выиграл Кубок Казахстана просто деморализовав соперника своим умением держать удар.
22.09.2019
В Усть-Каменогорске разыгран первый комплект наград Кубка Казахстана по волейболу среди женских команд. В довольно странном матче между «Алматы» и «Жетысу» победу одержал более титулованный клуб из Талдыкоргана.
21.09.2019
«Алтай-2» и «Куаныш» разыграли пятое место в Кубке Казахстана по волейболу среди женских команд.
21.09.2019
В первой игре последнего заключительного дня приняли участие сразу три воспитанницы волейбола ВКО.
21.09.2019
Второй полуфинал Кубка Казахстана по волейболу имел просто потрясающую вывеску: самый титулованный клуб в истории страны против команды, которая претендует на побитие этого рекорда. Бурхан Жанболат против своего детища. Аниконова против Сафроновой в очной битве за звание лучшей блокирующей. И такое перечисление можно делать сколько угодно. Приятно, что и сама игра вывеске вполне соответствовала!
20.09.2019
Екатерина Бородай помогла «Иртыш-Казхрому» выйти в финал Кубка Казахстана. Также определились участники матчей за седьмое и пятое места по итогам Кубка Казахстана в Усть-Каменогорске.
20.09.2019