Главная

Құлсарыдан құр қол қайтпады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Атырау облысының Құлсары қаласында өткен еркін күрестен 2002-2004 жылдары туған ауыл спортшылары арасындағы ел чемпионаты жерлестеріміз үшін сәтті аяқталды.

Еліміздің Батысында өткен боз кілем бәсекесінде шығысқазақстандық палуандар бір алтын, бес күміс және бір қола жүлде иеленді. Білікті бапкер Мейірбек Байжанов бастап барған спортшылар төрт күнге жалғасқан жарыста асқан жігер мінез танытып, әр салмақта жүлдегер атануға тырысты. Соның ішінде, қоржынға алғашқы жүлдені 45 келідегі Мадияр Нұрлыбеков салды. Алдымен павлодарлық Жексенбай Тұрарханды, жартылай финалда Ақтөбе облысының өкілі Асқар Құлбайды жолынан ығыстырды. Алайда ақтық сында атыраулық Нұржан Мұхтаровқа есе жіберіп, күміс медальға қол жеткізді. Одан кейін 48, 51 келі салмақтарда жарыс жолына шыққан Нұржан Қасымбек пен Дастан Қалқаққа тұғырға көтерілудің сәті түспеді. Десе де 55 келіде өнер көрсеткен Болатбек Әділбеков іріктеу кезеңінде қызылордалық Юсып Қуанышбековты айқын ұтты. Ширек финалда тағы бір қызылордалық палуан Нұржігіт Болатты 3:1 есебімен тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл жерде кілем иесі Жасұлан Рахымжановқа еш мүмкіндік қалдырмады. Алайда Болатбекке бұл жолы алтын алудың сәті түспеді. Финалда тағы бір атыраулық палуан Талап Жолдасовтан айласын асыра алмады. Одан ары  60 келіде сынға түскен Байжан Тоқташ іріктеу сынынан аса алмай жарысты 10-шы орынмен аяқтаса, 65 келіде өз мүмкіндігін байқаған Жеңіс Қоныбековке топ жарудың сәті түсті. Асығы алшысынан түскен шығысқазақстандық палуан барлығы үш белдесу өткізді. Қызығы сол, алғашқы айналымда-ақ жерлесі Ануар Ислямовпен шеберлік байқасты.Тартысты өткен белдесуде Жеңістің бабы келісіп, 16:6 есебімен кездесу тағдырын өз пайдасына шешті. Одан ары Атырау және Павлодар облыстарының үздіктерін жарыс жолынан шығарып, ел чемпионы атанды. Бұдан ары 71 келіде тәжірибелі Ілияс Ерболатов пен 80 келі салмақтағы Әділ Жақсыбеков екінші орыннан көрінсе, 110 келіде боз кілемге беттеген Нарұл Абитханов пен Бахтияр Закарьянов екінші және үшінші орындарға тұрақтады.

Осылайша ел чемпионатында жүлдені молынан еншілеген жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте Атырау және Алматы облыстарын алға жіберіп, үздік үштікті қорытындылады.

 Фото жаттықтырушылар тарапынан ұсынылды

Дата и время публикации: 
11.08.19
Новости
Спортсмен легкоатлетического клуба "Алтай Атлетикс" Михаил Литвин в последнее время вообще не приезжает с соревнований без медалей. Очередную награду принес сборной Казахстана этот атлет на престижном международном турнире –Мемориале Веслава Маняка (Польша).
16.08.2019
Өскеменде өз тарихында осымен 50-ші мәрте өткізілген «Қазақстан оқушысы – 2019» республикалық сайысы аяқталды. Бүгін барлық кезеңнің үздіктері белгілі болып, жекелей және командалық есепте жоғары нәтиже көрсеткендер анықталды.
15.08.2019
Данияр Қайсанов, Расул Қалиев, Олег Болтин… Осы аталған үш оғлан елордада өтетін күрес түрлерінен Әлем чемпионатында Ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Айтулы аламанда бақ сынайтын спортшылар тізімі жуырда ғана белгілі болған-ды.
15.08.2019
Санаулы күндерден соң Күншығыс елінің астанасы Токиода өтетін дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында шығысқазақстандық татами шеберіне артылар жүк ауыр болмақ.
14.08.2019
Жапонияның Токио қаласында өтетін дзюдодан Әлем чемпионатында әйелдер Ұлттық құрамасы сапында жерлестеріміз өнер көрсетпейді.
13.08.2019
Эстония жерінде өтіп жатқан еркін күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионатында шығысқазақстандық Шыңғыс Мұхаметқалиев жартылай финалға жолдама ала алмады.
13.08.2019