Главная

Құрлықтық чемпионатқа жолдама алды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Шығысқазақстандық еркін күрес шеберлері Тараз қаласында өткен 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шоқан Нәдірбековты еске алуға арналған республикалық турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Аталмыш додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 18 команда сапындағы спортшылар жүлде үшін өзара кім мықтыны анықтады. Жүлдегер атанумен қатар алдағы қараша айында Қытайлық Тайпейде өтетін Азия чемпионатына жолдама иелену үшін де шеберлік байқасты. Білікті жаттықтырушы Мейірбек Байжанов баптап апарған сайыста жерлестеріміз төрт салмақ дәрежесінде тұғыр сатысынан көрінді. Жеңіл салмақтан бастасақ, қола жүлде 38 келі салмақтағы бесқарағайлық Ералы Жеңісовке бұйырды. Алғашқы белдесуін ойдағыдай бастағанымен ширек финалда Алматы облысының өкілі Уәлихан Көбегенге есе жіберді. Десе де кіші финалда жамбылдық Біржан Аманханнан айласын асырып, үшінші орынға ие болды. Бұған дейін бірнеше мәрте Азия чемпионаттарында жүлде алып жүрген Дарын Әскербек те 48 келіде жүлдегерлер үштігін қорытындылады. Бұл салмақтағы спортшылар саны да біршама көп еді. Бас-аяғы 42. Тарбағатай ауданының тумасы жартылай финалға дейін ешбір қарсыласына мүмкіндік бермеді. Тек ақтық сынға жолдама беретін кездесуде Алматы облысының өкілі Нұржан Сағымханға жол беріп, алтын медаль иеленуге деген мүмкіндігін уыстан шығарып алды. Ал үшінші орын үшін болған белдесуде алматылық Кирилл Ардалионовты 4:3 есебімен сан соқтырып кетті. Дәл осы нәтижені 85 келі салмақтағы семейлік Темірлан Дәкеев қайталады. Темірлан жартылай финалда қарағандылық Әділхан Құсайыновқа 10:3 есебімен жол берді. Дегенмен бастапқы қарқынын жоғалтпаған палуан кіші финалда Жамбыл облысының өкілі Анзор Гафуровқа мүмкіндік қалдырмай, қола медальға қол жеткізді. Ал 62 келіде өз мүмкіндігін байқаған жармалық Бекзат Сыбанбай ақтық сынға дейін төрт кездесу өткізіп, барлығында дерлік айқын жеңіске жетті. Алтын медаль үшін белдесуде Алматы облысының намысын қорғаған Әрсен Үрімжанмен біршама тартысты текетірес көрсетті. Белдесу ырғағы бір сәтке де баяуламады. Дегенмен қарсылас қателігін ұтымды пайдаланған Бекзат уақыт тәмәмдалғанша басымдықты сақтап, 8:4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл нәтижеден соң Бекзат Сыбанбай қараша айында Қытайлық Тайпейдің Тайчунк қаласында өтетін құрлықтық чемпионатқа жолдама алды.

 

Фото жаттықтырушылар тарапынан ұсынылды

Дата и время публикации: 
13.10.19
Новости
Об этом заявил Мирбулат Абуов – президент национальной Федерации Фехтования.
22.09.2020
34-летний Худобин проводит дебютный плей-офф в карьере в статусе стартового голкипера. До нынешнего сезона опытный вратарь, дебютировавший в НХЛ в 2009 году, сыграл всего два матча в Кубке Стэнли. В обоих случаях российский голкипер выходил на лёд со скамейки запасных.
22.09.2020
Артём Резников бросил дерзкий вызов очередному супероппоненту.
22.09.2020
В «Торпедо» определились с капитаном и его ассистентами на предстоящий сезон.
22.09.2020
«Тампа» сравняла счёт в серии с «Далласом».
22.09.2020
Немецкий суперспециалист Фолькер Вагнер, воспитанники которого установили целых 16 мировых рекордов в лёгкой атлетике, продолжает работать с молодыми казахстанскими легкоатлетами в усть-каменогорском легкоатлетическом центре «Ольга Рыпакова» и других спортивных объектах города. После одной из тренировок он поделился своими впечатлениями в беседе с корреспондентом VKsport.kz.
21.09.2020