Главная

Әлем чемпионатының жүлдегерлері қонақта болды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Кеше Риддерге дүбірлі додаларда ел намысын абыроймен қорғаған шығысқазақстандық балуандар ат басын тіреді.

 Үржар ауданынан осы уақытқа дейін танымал спортшылардың талайы шықты. Ербол Қоңыратов та осы ауданның тумасы. Тағы бір оғлан Досжан Қартықов Аягөз ауданынан. Олар кеше Риддердегі «Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің еркін күрес және дзюдо бөлімінің жас спортшыларымен жүздесті. Жүздесіп қана қоймай, шеберлік сағатын өткізді. Балғын балуандар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, күрделі әдіске түсіп қалғанда қолдануға болатын қарсы тәсілдерді де қайталады. Қос балуан да білгендерімен бөлісіп, кездесу барысында жас балуандарға кеңестерін білдірді.

Айта кетейік, Ербол Қоңыртов студенттер арасында Түркиядағы Әлем біріншілігінде қола медаль иеленген болатын. Ересектер арасында Азия чемпионы болды. Одан бөлек, халықаралық турнирлерде сан рет жүлде алды. Ал Досжан Қартықовтың өз мансабындағы ең ірі жүлдесі –  ол әрине, 2015 жылы Лас-Вегаста өткен Әлем чемпионатында қола медальға иелік етуі. Одан кейін Бангкокте өткен Азия чемпионатында алтын медаль еншілеген-ді.

 

Материал grw_vko дерегімен әзірленді

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
18.01.19
Новости
«Даллас» Антона Худобина провёл первый матч после рестарта сезона НХЛ.
05.08.2020
Одна из самых красивых гимнасток ВКО решила показать, что спортом заниматься можно везде, даже в самых неожиданных для этого локациях.
04.08.2020
Мұны естігенде кімнің болсын бойы шымырлап, аса епті қимылдарын көріп таңдай қағатын жандардың табылары сөзсіз. Тумысынан аяғы жоқ бұл спортшы алдына тау мақсат қойып келеді.
29.07.2020
Әлем чемпионатының жүлдегерлері наурыз айында республика бойынша Төтенше жағдай режимі жарияланғанда туған жеріне келіп, бір мезет ауылдастарымен жүздесіп, мәре-сәре болған еді. Айтпағымыз, үржарлық Алмат Кебіспаев пен командалас досы Қорлан Жақанша жайлы. Сол шектеу шаралары кезінде берген сұхбатының бір бөлігін кеш те болса ұсынуды жөн көрдік.
24.07.2020
Хоккейный клуб «Торпедо» по согласованию с руководством Восточно-Казахстанской области приняло решение об отмене платы за занятия хоккеем в группах набора детско-юношеской хоккейной школы, сообщает altaynews.kz
23.07.2020
Иә, дәл осы жағдай төңірегіндегі оқиға желісі сан түрлі құбылуда. Жазғы Олимпиада ойындары тарихында екі спортшының бірдей чемпион деп танылып, алтын медаль иеленген сәтін естіп пе едіңіздер? Ендеше бірнеше күн бұрын Біріккен Күрес Әлемі осындай тарихи шешім қабылдады.
23.07.2020