Главная

Әлемнің вице-чемпионы ширек финалда сүрінді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Семейлік боксшы Ермахан Жакпеков Мажарстанда өтіп жатқан халықаралық турнирде жартылай финал жолдамасын иелене алмады.

Осымен 63-ші рет жалауын көтерген дәстүрлі жарысқа бас-аяғы 27 елдің былғары қолғап шеберлері жиналды. Еліміздің ерлер Ұлттық құрамасы да Дебрецен шаһарындағы бәсекеден шет қалмады. Бір айта кетерлігі, құрама сапында Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарына қатысқан тәжірибелі боксшылар болмады. Есесіне, бапкерлік құрам жас спортшыларды осындай жарысқа қатыстырып, аяқ алыстарын аңғармақ болған екен. Ерлер командасы 91 келіге дейінгі дәрежеден бөлек, барлық салмақта өнер көрсетуде. Оның ішінде, 69 келіде Будапештте өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген Ермахан Жакпеков та бар. Өкінішке орай, семейлік спортшы ширек финалдан ары аса алмады. Алғашқы жекпе-жегінде шаршы алаң иесін қапыда қалдырған еді. Алайда келесі айналымда Тайланд елінің өкілі Киттисак Клинсоннан айласын асыра алмады. Қанша дегенмен де, Ермаханның бұл додадан тәжірибе жинақтары сөзсіз. Бұл оның ересектер арасындағы алғашқы додасы. Boxingkazakhstan дерегіне сүйенсек, бес отандасымыз жартылай финалға шыққан екен. Демек, ел қоржынында кемі бес қола медаль бар. Бірақ отандастарымыздың бұл межеден асып түсетіндіктеріне сенім мол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Дебрецен қаласындағы Иштван Боскайды еске алу дәстүрлі турнирының соңғы күні.

 

Материал Boxingkazakhstan парақшасы дерегімен әзірленді

Фото Sports.kz сайтынан алынды

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
08.02.19
Новости
Сегодня в столице Белоруссии Минске прошёл открытый чемпионат Белоруссии по спортивной ходьбе. Представительница «Алтай Атлетикс» завоевала бронзовую награду.
24.08.2019
Усть-каменогорские мастера прыжков на батуте великолепно проявили себя на международном турнире в Грузии.
24.08.2019
Ольга Рыпакова выступит на заключительном перед финалом этапе "Бриллиантовой лиги" в Париже.
24.08.2019
Воспитанница усть-каменогорской школы волейбола Кристина Аниконова набрала четыре балла в матче с островитянками.
24.08.2019
«Сухарь» Валерия Севидова позволил «Алтай Торпедо» второй год подряд выйти в финал Кубка Казахстана, несмотря на поражение от «Бейбарыса».
23.08.2019
В Усть-Каменогорске прошла Спартакиада среди ветеранов, одной из дисциплин которой были состязания по волейболу.
23.08.2019