Главная

Марат Мұзаппаров: «Ауылды жерлерден шығатын жастарымызға көңіл бөлуіміз қажет»

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Нұрсұлтан қаласында өтетін күрес түрлерінен Әлем чемпионаты күн санап жақындай түсуде. Отандастырымыздың да әзірлік қарқынын үдетіп жатқандықтары сөзсіз.

Жарақаттан дін-аман болса, спортшылардың жолдаманы мейілінше мол алуларына мүмкіндік жоғары. Оларды боз кілемде жеңіске жетелейтін тағы бір күш деп жанкүйерлер қолдауын айтамыз. Осы орайда облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясының Президенті Марат Мұзаппаров, Өскеменде өткен еркін және әйелдер күресінен жастар арасындағы ел чемпионаты барысында спортшыларды барынша қолдауға шақырды.

 – Алдымен, сәуірдің соңында Қытайда болатын күрес түрлерінен Азия чемпионатының балуандарымыз үшін сәтті өтсін деп тілеулес болайық. Одан бөлек, қыркүйек айында Елордамызда өтетін Әлем чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізсін демекпіз. Қазір осы бағытта тыңғылықты дайындықтар жүргізілуде. Ауылды жерлерден шығатын жастарымызға да көңіл бөлуіміз қажет. Талантты спортшылар білікті бапкерлер қабылдаған соң, жүйелі жұмыс өз нәтижесін береді. Өткен жылы Конфедерация кубогін иеленуіміз – өңірдегі еркін күрестің бірқалыпты дамып келе жатқандығының бір көрінісі деп білеміз. Шығысқазақстандық балуандардың соңғы уақыттары халықаралық додаларда сәтті өнер көрсетулері, бапкерлік құрамның да жемісті еңбегін көрсетеді, – деді Марат Өмірбекұлы.

Сонымен қатар, Федерация Президенті алдағы уақытта ересектер сапына өтетін жас балуандардың аяқ алысын қалт жібермеудің маңыздылығын баса айтты.

 

Фото автордікі

Дата и время публикации: 
05.04.19
Новости
Угадайте, в какой лиге теперь не будет представлена родина казахстанского хоккея?
01.06.2020
Сегодня – три года великому матчу в исполнении женской команды «Алтай».
30.05.2020
Ситуация с послаблением режима карантина довольно странным образом отразилась на спорте. С одной стороны, тренировки не запрещены. Но и в полной мере разрешёнными их назвать довольно сложно.
29.05.2020
Последнее золото Кузнецова, первое золото для «Алтай Атлетикс» и последний триумф «Алтая».
29.05.2020
По подозрению в хищении бюджетных средств во время строительства учебного корпуса новой школы в Риддере задержаны спортивные чиновники
28.05.2020
Вчера стало окончательно известно о том, что Александр Шин и Евгений Рымарев впервые с сезона 2014/15 проведут хоккейный год в разных командах. Кто из них потеряет от этого разделения больше?
27.05.2020