Главная

«Matteo Pellicone» турнирінде ШҚО балуандарына кімдер қарсылас атанулары мүмкін?

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Мамырдың 23-25 аралығында Италияның Сассари қаласында дәстүрлі «Matteo Pellicone Memorial» рейтингілік турнирі өтеді. Ұлттық құрама сапында бес бірдей жерлесіміз өнер көрсетпек.

Біздегі бар ақпаратқа сүйенсек, бұл дода биыл 24-ші рет ұйымдастырылады. Үздік нәтиже көрсеткендеріне Олимпиада ойындары аддында ұпайлар беріледі. Осы ретте, балуандарымыз белдесетін салмақтағы тәжірибесі толысқан спортшыларға қысқаша тоқталып кетейік. Жақында еліміздің бапкерлік құрамы еркін күрестен кімдердің баратынын айтқан еді Сассари шаһарына. Италия боз кілемінде жиырма төрт отандасымыз өнер көрсетеді. Оның ішінде, Расул Қалиев (61 келі), Данияр Қайсанов (74 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Олег Болтин (125 келі) және жалғыз бұрымды Ирина Казюлина (68 келі) шығысқазақстандық балуандар екенін айта кетейік.

Сонымен, 61 келіде 2012 жылы Дэйв Шульц мемориалында күміс медаль иеленген үндістандық Рахул Авар, Еуропа чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері түркиялық Реджеп Топал сынды қатысушылар Расулға негізгі қарсылас атанулары мүмкін. 74 келіні айтпаса да белгілі, бәрі «сен тұр, мен атайын» деген спортшылар. Кілем қожайыны Франк Чамизодан бастасақ. Екі дүркін Әлем чемпионы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерінің басты фаворит екені жасырын емес. Одан бөлек, оның сыралғы қарсыласы америкалық Джордан Барроуз келмейтін көрінеді. Азия чемпионатының күміс жүлдегері Амит Дханхар, Әлем чемпионатының жеңімпазы және күміс жүлдегері ресейлік Хетаг Цаболовтар да жоғары дайындықпен келетіндіктері бесенеден белгілі. Алайда, Даниярдың әкесі, әрі бапкері Әлібек Нүкенов ұлының бабында екенін, сәтін салса тісқаққан балуандарға әжептәуір қауқар көрсететіндігін айтқан-ды. Азамат Дәулетбеков бақ сынайтын 86 келіде 2018 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдері, биылғы Еуропа чемпионы Владислав Валиев, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері түрік Селим Яшар сынды спортшылар жүлде үшін талас жүргізбек. Алыптар текетіресінде, яғни 125 келіде 2017 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері үндістандық Сумит Сумит, биылғы Али Алиев мемориалының күміс жүлегері ресейлік Павел Кривцов, Еуропа чемпионатының үш дүркін жүлдегері мажарстандық Даниэль Лигети және өзге балуандар шығысқазақстандық спортшыға бақталас атанулары әбден мүмкін. Сондай-ақ әйелдер арасында 68 келіде Ирина Казюлинаға да оңай болмас. Ең алдымен 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күмісін алған белорусь спортшысы Мария Мамашук, ресейлік Әлем кубогінің күміс жүлдегері, екі дүркін Еуропа чемпионы Анастасия Братчикова, сондай-ақ қырғыз елінің өкілі Меерим Жуманазарова сынды бұрымдылар медаль алуға басты үміткерлер.

Айта кетейік, сайыс шымылдығын бірінші болып грек-рим күресінің шеберлері ашпақ.

Дата и время публикации: 
21.05.19
Новости
«Алтай» выиграл Кубок Казахстана просто деморализовав соперника своим умением держать удар.
22.09.2019
В Усть-Каменогорске разыгран первый комплект наград Кубка Казахстана по волейболу среди женских команд. В довольно странном матче между «Алматы» и «Жетысу» победу одержал более титулованный клуб из Талдыкоргана.
21.09.2019
«Алтай-2» и «Куаныш» разыграли пятое место в Кубке Казахстана по волейболу среди женских команд.
21.09.2019
В первой игре последнего заключительного дня приняли участие сразу три воспитанницы волейбола ВКО.
21.09.2019
Второй полуфинал Кубка Казахстана по волейболу имел просто потрясающую вывеску: самый титулованный клуб в истории страны против команды, которая претендует на побитие этого рекорда. Бурхан Жанболат против своего детища. Аниконова против Сафроновой в очной битве за звание лучшей блокирующей. И такое перечисление можно делать сколько угодно. Приятно, что и сама игра вывеске вполне соответствовала!
20.09.2019
Екатерина Бородай помогла «Иртыш-Казхрому» выйти в финал Кубка Казахстана. Также определились участники матчей за седьмое и пятое места по итогам Кубка Казахстана в Усть-Каменогорске.
20.09.2019