Главная

Минскідегі турнирде мерейімізді асырды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Беларусь елінің астанасы Минск қаласында «Медвежонок» дәстүрлі жарысы өтті. Халықаралық сайыстардан шет қалмайтын жерлестеріміз бұл жолы да жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Бозкілем қожайындарынан бөлек, сайысқа Грузия, Ресей, Украина, Латвия сынды елдердің спортшылары қатысты. Айта кетейік, аталмыш дода 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында өрбіді. Білікті бапкер Мейірбек Байжанов және өңірдегі өзге де жаттықтырушылар үкілеп қосқан үш палуанның бабы келісіп, тұғыр сатысынан көрінді. Сонымен алғаш болып қоржынын 51 келі салмақта семейлік Заңғар Қабылбеков күміс медальмен толықтырды. Әр кездесуін сенімді өткізген палуан шешуші белдесуде грузин спортшысы Николоз Сантеладзеге жол берді. Одан іле бозкілемге беттеген 60 келідегі Байжан Тоқташ финалға дейінгі төрт белдесуінде асығы алшысынан түссе, шешуші сында ресейлік Георгий Аксариннен ұтылды. Қоржынға тағы бір күміс түсті. Бапкерлер берген нұсқаулықты орындап, медаль аламын деп барын салған 71 келідегі Әділ Жақсыбаевты да айта кетейік. Тағы бір семейлік спортшы жартылай финалға дейін ұпайдан шашау шығармай өнер көрсетті. Финалдық кезеңге өту үшін грузиялық Отари Адеишвилиді айналып өтуі керек еді дегенмен аз-кем қателіктерге бой алдырып, ұпай санымен жол беріп қойды. Ал қола медаль үшін өткен кездесуде отандасымыз, алматылық Елдар Жанаттан басым түсті.

Осылайша, шығысқазақстандық еркін күрес шеберлері Минск бозкілемінен 2 күміс, 1 қола медаль олжалап қайтты.

Фото жаттықтырушылар тарапынан ұсынылды

Дата и время публикации: 
09.02.20
Новости
Уже завтра Усть-Каменогорск примет Чемпионат Казахстана среди юношей и Кубок Казахстана. В преддверии этих двух суперстартов мы знакомим наших посетителей с наиболее выдающимися результатами юниорского первенства, которые стали рекордными для данной возрастной категории в манеже «Ольга Рыпакова».
17.02.2020
Помните такие строчки из «Интернационала»? Похоже, именно по такому пути идёт Первая Лига Чемпионов Бизнеса во втором своём сезоне.
17.02.2020
Прыгунья в высоту из Семея производит фурор на международной арене после провала на отечественном первенстве.
16.02.2020
Еркін күрес шеберлері құрлықтық жарыста бақ сынайды
13.02.2020
Қостанайда ел көлемінде жасөспірімдер арасындағы еркін күрестің негізін қалаушы Петр Матущакты еске алуға арналған еркін күрестен 2003-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында XV республикалық турнир өтті.
12.02.2020
Почти 600 спортсменов из всех уголков Казахстана создали неповторимую атмосферу спортивной борьбы в легкоатлетическом центре «Ольга Рыпакова».
11.02.2020