Главная

Олег Болтин: «Өз елімізде өткен ірі бәсекелерде топ жаруды армандап едім»

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Жуырда Алматыда өткен күрес түрлерінен Азия чемпионатында риддерлік Олег Болтин барлық қарсыласын жолынан ығыстырып, алтын медальға ие болып, Шығыс жұртына зор қуаныш сыйлаған-тұғын. Үш белдесудің үшеуінде де ұпайдан шашау шығармаған палуан осы жеңістің спорт мәнсабында алар орны ерекше екендігін жеткізді.

Ел құрамасының жалпыкомандалық есепте үшінші орын иеленуіне жерлесіміздің қосқан үлесі сүбелі. Болтиннің әр қимылынан жаттығуы тыңғылықты, қадамы сенімді екендігін аңғару қиын болмады. Жалпы, алыптар бәсекесі қашан да тосынжайтқа толы болатыны белгілі. Кейде тік жүріп белдесу кезінде де түрлі әдістер жасап, салмағы бір центнерден асатын спортшылар бозкілемнің шаңын аспанға шығарғандай болады. Талай жылдан бері 125 келіге дейінгі салмақта облыс, ел намысын қорғап жүрген Олег былтыр Алматыда өткен ел чемпионатында топ жарып, маңызды жарыстарда медаль ала алатынын дәлелдеген болатын.   Лицензиялық чемпионатқа Юсуп Батырмырзаев қатысса, Болтинді құрлықтық бәсекеде өнер көрсететіні белгілі еді. Қызығы сол, қазақстандық палуандардың бесеуі финалға аптықпай шыққандарымен, қола медаль үшін бозкілемге беттегендер жүлдеге қолсозым жер қалғанда сүрінді. Ғалымжан Өсербаев (79 келі) та,  Эльхан Асадов (92 келі) та кіші финалда қарсыластарына жол берді.
Еркін күрестің екінші күні алдымен Адлан Асқаров (61 келі) финалға шығып, алтын медаль сарапқа салынған кездесуде өзбекстандық Жахонгирмирза Туробовқа 14:9 есебімен жол берді. Амал нешік, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында тұғырдың ең биігінен көріне алмады. Дегенмен алда әлі 74 келіде солтүстікқазақстандық Нұрғожа Қайпановтың чемпион атануға мүмкіндігі бар-тын. Мүлт кетпеді. Финалда ирандық Мостафа Мохаббали Хосейнханиды 6:2 есебімен қапы қалдырды. Күні бұрын 70 келіде үздік шыққан Сырбаз Талғаттың жеңісті жолын жалғастырған Нұрғожа 2019 жылы Қытайда өткен құрлықтық біріншілікте 70 келіде, араға екі жыл салып 74 келіге дейінгі салмақта топ жарды! Ендігі кезек Олег Болтинде.
Шыны керек, жерлесіміз сайыстың соңғы күні тамаша белдесулер көрсетіп, чемпионаттың нүктесін әдемі қойды! Іріктеу белдесуінде тәжірибесі толысқан моңғол спортшысы Худербулга Доржхандтан 3:2 есебімен басым түсті. Ширек финалда үндістандық Сумит Сумитті 7:1 есебімен айқын ұтса, жартылай финалда Өзбекстанның үздігі Амиржон Нутфуллаевты 3:0 есебімен сан соқтырды. Ал шешуші сында Қырғызстанның намысын арқалаған Айиал Лазаревпен белдесіп, соңғы секундтарда жеңісті жұлып әкетті. Жұлып әкеткенде де таза ұтқан еді, тек бозкілемдегі төреші «әйтеуір ұтып тұр, уақыттың аяқталуын күтейін» деген болар, ысқыруға асықпады. Маңыздысы ол емес. Риддерлік палуан қоржынын құрлықтық чемпионаттың алтынымен толықтырды!
– Жастар арасындағы Азия чемпионаты осыдан 10 жыл бұрын болған еді. Ол кезде үшінші орыннан көріндім. Қаншама жыл жаттығу жасап жүріп, өз елімізде өткен ірі бәсекелерде топ жаруды армандап едім. Мақсатым орындалды. Бапкерлер берген нұсқаулықты айна-қатесіз орындап, әр белдесуімді жеңіспен аяқтадым. Дегенмен мұнымен тоқталып қалуға болмайды, – деді Азия чемпионы.
Бір айта кетерлігі, жерлесіміз алтын медаль иелену жолында айқын басымдық танытқанымен, марапаттау рәсімі кезінде күміс жүлде иеленген Айиал Лазарев мойнындағы медалін шешіп тастады. Не нәрсеге наразы? Төрешілердің бұра тартуы байқалмады.

Дата и время публикации: 
23.04.21
Новости
Впервые со времён Пекина-2008 ВКО будет представлена в гребле на байдарках и каноэ по гладкой воде.
05.05.2021
Пляжные фото от самой титулованной могулистки в истории Казахстана.
05.05.2021
В Алматы состоялся лично-командный Чемпионат Казахстана по батутной гимнастике. Спортсмены ВКО завоевали в общей сложности семь наград различного достоинства.
05.05.2021
Мастера гребного слалома Усть-Каменогорска завоевали ещё две лицензии на Олимпийские Игры «Токио-2020».
04.05.2021
Наталья Шаршакова устала бороться с многочисленными травмами.
04.05.2021
Новый клуб воспитанника усть-каменогорского хоккея пока неизвестен.
03.05.2021