Главная

Олимпиада чемпионы қандай кеңес берді?

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкинге (39-1-1-35) алдағы жоспарына қатысты пікірін білдірді.

 

Қарағандының тумасы наурыз айында DAZN-мен келісімшарт жасағалы бері тек бір жекпе-жек өткізді. Айқын жеңіс. Төртінші раундта канадалық қарсыласын сұлатып түсірді. Осы жеңісінен кейін шаршы алаңда тұрып, мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек болсын тілегін тағы білдірді. Кеткен есесін қайтарса құба-құп, алайда «Канелоның» жылдамдығы мен физикалық тұрғыдағы басымдығы отандасымыздан еш қалысып тұрған жоқ. Осы орайда Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ыбрайымов Sports.kz сайтына берген сұхбатында Головкинге Альвареспен үшінші жекпе-жекке бармауын баса айтқан еді.

 

Қазір уақыт ешкімді де аяйын деп тұрған жоқ. Сол себепті, Головкинге бірнеше әдемі кездесу өткізіп, спорттық мансабын аяқтаған жөн. Бірақ қандай жағдай болмасын «Канеломен» шаршы алаңға шықпауы тиіс. Ол техника мен жылдамдық жағынан біршама басымдыққа ие. Есесіне бірнеше жарқын жекпе-жектер өткізіп, артынша менеджер немесе кәсіби бокста промоутер болса да жаман емес, – деді танымал спортшы.

 

 

 

Материал Sports.kz дерегімен әзірленді

 

Дата и время публикации: 
24.06.19
Новости
Волейбольный клуб «Алтай» сменил свой логотип на более современный, как считают его сотрудники.
19.07.2019
Статистика волейболисток сборной Казахстана в противостоянии с представительницами Северной Кореи.
19.07.2019
Ақтау қаласында өтіп жатқан дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия кубогінде шығысқазақстандық спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
19.07.2019
Похоже, что воспитанникам усть-каменогорской школы хоккейных вратарей снова места в воротах «Торпедо» не найдётся.
18.07.2019
На днях в Бангкоке состоялся 93-й Совет Азиатской Ассоциации лёгкой атлетики, который стал во многом историческим для Казахстана.
18.07.2019
Шығысқазақстандық жеткіншектер елордада өткен «Astana Open – 2019» республикалық балалар кубогінің IV кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
18.07.2019