Главная

Палуандар әзірлікке пәрменмен кірісті

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Ақмола облысының Щучинск қаласында еркін күрес шеберлері оқу-жаттығу жиынын бастады. Үй жағдайында әзірлік жүргізу бір бөлек, ауасы саф аумақта біртіндеп бабына енуді көздегендер салған жерден шын ықыластарын білдіруде.

Ресми күрес парақшалары қызу дайындыққа білек түре кіріскен палуандарды қай өңірден екендігін жіктеп жазған екен. Бір есептен ол да жөн болар. Ұлттық құрама мүшелерінің әр аймақтан қанша адамнан келгендігі, белгілі бір мөлшерде өңірлердегі қазіргі еркін күрес деңгейін де аңғаруға болады. Алдыңғы қатарлы спортшылардың барлығы бозкілемнен табылған. Соның ішінде Ақтөбе, Алматы және Қызылорда облыстарынан 6-7 палуаннан келген екен. Жалпақ жұртқа белгілі, Дәулет Ниязбеков, Юсуп Батырмурзаев, Адлан Асқаров және басқалары. Ал жерлестерімізден көпшілігіне етене таныс көкпектілік Данияр Қайсанов (74 келі), жармалық Расул Қалиев (61 келі), семейлік Азамат Дәулетбеков (86 келі) және ридерлік Олег Болтин (125 келі). Бірқатар спортшылар ұзақ уақыт жүктеменің аздығынан жаттығуға деген құлшыныстары артып, бапкерлік құрам бекіткен нұсқаулықтарды асыра орындауда.

 

 

Дата и время публикации: 
18.06.20
Новости
Двое студентов родом из Казахстана, обучающихся в Челябинске, здорово выступили на Чемпионате Уральского Федерального округа России.
19.01.2021
Усть-каменогорские волейболистки одержали 17-ю победу подряд в чемпионате страны.
19.01.2021
Уроженец Усть-Каменогорска помог «Южному Уралу» одержать четвёртую победу в шести матчах в январе.
18.01.2021
Суперволевая победа лидера чемпионата ВХЛ, обретённая в том числе усилиями воспитанников хоккея Усть-Каменогорска.
18.01.2021
Волейбольный клуб «Алматы», как ни странно, в течение сразу двух партий не показывал той страсти в борьбе с фаворитом, которая ожидалась от этой команды.
18.01.2021
Облыстың жастар құрамасы Семейде он күннен астам уақыт әзірлік жүргізді.
18.01.2021