Главная

Расул есе қайтарар ма екен?

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Күрес түрлерінен елордада өтетін Әлем чемпионаты күн санап жақындап келеді. Бірқатар бапкерлер 61 келіде ел намысын шығысқазақстандық Расул Қалиев қорғайды деген болжамдар айтуда.

Жеңіл салмаққа небір жампоздардың жиналатыны хақ. Солай болғанның өзінде жармалық палуанға жүлде аларда жолына кесе көлденең тұратындар жетерлік. Алдымен Магомедрасул Идрисовты айта кеткен жөн. Күні кеше Ресей чемпионатын абыроймен өткерген дағыстандық палуан ақтық сында Рамазан Ферзалиевтың алдын орап, Нұр-Сұлтанда өтетін додаға жолдама алды. Бұдан бөлек, Идрисовке Еуропа көлемінде қауқар танытар палуан кемде-кем. Маңыздысы сол, 61 келіде жерлесімізге ирандық Мохаммадбахер Яхкеши де біршама ыңғайсыз қарсылас болайын деп тұр. Естеріңізде болса, Расул мамыр айының соңында Италияда өткен халықаралық бәсекеде топ жарған болатын. Ол жерде ақтық сындағы қорытынды есеп 7:2 есебімен Иран елінің спортшысына шешілген-ді. Алайда аз уақыттан кейін спорттық талапты ескермегені үшін Мохаммадбахер жүлдесінен айырылып, Қалиевтің күмісі алтынға алмастырылған болатын. Сырт көзге байқалғаны, шығысқазақстандық спортшының белдесу соңына қарай демі таусылып, еркін қимылдауының қиынға түскен еді. Жеребе қос саңлақтың жолын түйістірсе кезекті «айқас» болайын деп тұр.

 Фото zakon.kz сайтынан алынды

Дата и время публикации: 
09.07.19
Новости
Волейбольный клуб «Алтай» сменил свой логотип на более современный, как считают его сотрудники.
19.07.2019
Статистика волейболисток сборной Казахстана в противостоянии с представительницами Северной Кореи.
19.07.2019
Ақтау қаласында өтіп жатқан дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия кубогінде шығысқазақстандық спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
19.07.2019
Похоже, что воспитанникам усть-каменогорской школы хоккейных вратарей снова места в воротах «Торпедо» не найдётся.
18.07.2019
На днях в Бангкоке состоялся 93-й Совет Азиатской Ассоциации лёгкой атлетики, который стал во многом историческим для Казахстана.
18.07.2019
Шығысқазақстандық жеткіншектер елордада өткен «Astana Open – 2019» республикалық балалар кубогінің IV кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
18.07.2019