Главная

Ресейден алты жүлде әкелді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Желоқсанның 22-24 аралығында Новосибирск қаласында өткен «Халықтар достығы» дәстүрлі турнирінде шығысқазақстандық дзюдошылар айтарлықтай сәтті өнер көрсетті.

Аталмыш додада ұзын саны 150-ге жуық спортшы шеберлік байқасты. Мұнда Ресейдің Алтай, Красноярск, Бурятия сынды аймақтарынан, Түмен, Омбы облыстарынан, сондай-ақ қазақстандық татами шеберлері бақ сынады. Жүлделі орындарды сарапқа салуға аймағымыздан барлығы 10 дзюдошы барған еді. Олардың бірқатары Өскемендегі «Дзюдо» орталығында дайындалса, кейбірі Семейде әзірліктерін пысықтап жүрген жігіттер.
Екі күнге созылған турнирде шығысқазақстандық татами шеберлері 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль иеленді. Оның ішінде, үш бірдей спортшымыз 81 келі салмақта татамиге беттеді. Қарсыластарынан бір бас жоғары болған Барақ Арқабай топ жарды. Асқар Арқабаевтың шәкірті ақтық сында семейлік Руслан Жарқынбаевтан айласын асырды. Қола медаль Қуаныш Ратаевқа (бапкері Еркебұлан Қосаев, Өміртай Бексұлтанов) бұйырды. Келесі қоланы 66 келі салмақтағы семейлік Төлеген Нұрғалиев иеленді. Ол салмақта бірінші орынға Түмен облысының өкілі Мизоюсуф Гафуров ие болды. Тәжірибесі толысқан тағы бір семейлік саңлақ Қуан Барыс бұл жолы үздік үштікті түйіндеді. Аман Шарипов мен Асқар Арқабайдың қол астында жаттығатын спортшы жарыс қожайынына жол берген еді. Сонымен қатар, 100 келіге дейінгі дәрежеде өз мүмкіндігін байқаған өскемендік Жасұлан Мұхаметханов та қолаға қол созды. Білікті жаттықтырушы Бақытбек Дуанов пен Бауыржан Халеловтан тәлім алатын дзюдошы сайыс қожайынына есе жіберген-ді.
«Халықтар достығы» турнирінде жергілікті спортшылар жүлдені молынан иеленген екен. Жыл сайын ұйымдастырылған додада жүлде алған спортшылар мадақтама қағазы, медальдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Фото sport.nso.ru сайтынан алынды
Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
27.12.18
Новости
В Усть-Каменогорске завершился республиканский турнир на призы теннисного центра «SMASH». Финалы получились яркими - завершающей вспышкой.
18.06.2021
Бапкерлік құрам Түркияның астанасы Стамбулда өтетін сайыста ел намысын кімдер қорғайтынын жариялады.
18.06.2021
В Усть-Каменогорске определились финалисты одиночного разряда республиканского турнира на призы теннисного центра «SMASH».
17.06.2021
Халықаралық күрес парақшалары дерегінше, осыған дейін жоғары ұпай жинаған палуандар Олимпиада ойындары алдында төрт топқа бөлінеді.
16.06.2021
В Усть-Каменогорске сыграны четвертьфинальные матчи турнира на призы теннисного центра «SMASH».
16.06.2021
Мастер батутной гимнастики из Усть-Каменогорска выиграл серебряную медаль этапа Кубка Мира.
15.06.2021