Главная

Ресейліктер кіл мықтыларын әкелді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Күрес түрлерінен Болгарияда өтетін дәстүрлі «Дан Колов және Никола Петров» турниріне Ресей құрамасы сапында біршама тәжірибелі балуандар өнер көрсетеді.

Ол туралы wrestdag_rd инстаграм парақшасы жазған болатын. Ресми парақша мәліметіне сүйенсек, ресейліктердің жүлде алатын еркін күрес шеберлерінің ішінде бірнеше дағыстандық балуан бар. Атап айтсақ, өткен жылы Красноярск қаласында өткен «Иван Ярыгин» халықаралық жарысының үздік балуаны атанған Магомед Курбанов (92 келі), сол бәсекеде қарсылас шыдатпаған Халил Аминов (79 келі), 2017 жылы Еуропа чемпионатында топ жарған Ильяс Бекбулатов (70 келі) және өткен жылы Ресей чемпионатының жүлдегері Саид Гамидов (125 келі) сынды спортшылар сынға түседі. Оның ішінде, 61 келі салмақтағы отандасымыз Нұрислам Санаев алғашқы айналымда Якутия өңірінің тумасы Арыйан Тютринмен жолығады. Еркін күрестен Ресей ерлер командасы Болгария жерінде төмендегі құраммен өнер көрсетеді:

 

1. Арыйан Тютрин (61 келі)

2. Эдуард Григорьев (61 келі)

3. Виктор Расадин (65 келі)

4. Мурад Нукхадиев (65 келі)

5. Ильяс Бекбулатов (70келі)

6. Анзор Закуев (70 келі)

7. Халил Аминов (79 келі)

8. Ацамаз Санакоев (79 келі)

9. Магомед Курбанов (92 келі)

10. Игорь Овсянников (97 келі)

11. Саид Гамидов 125 келі)

12. Зелимхан Хизриев (125 келі)

 

Фото mirmol.ru сайтынан алынды

Материал wrestdag_rd дерегімен әзірленді

Дата и время публикации: 
28.02.19
Новости
В Усть-Каменогорске завершился республиканский турнир на призы теннисного центра «SMASH». Финалы получились яркими - завершающей вспышкой.
18.06.2021
Бапкерлік құрам Түркияның астанасы Стамбулда өтетін сайыста ел намысын кімдер қорғайтынын жариялады.
18.06.2021
В Усть-Каменогорске определились финалисты одиночного разряда республиканского турнира на призы теннисного центра «SMASH».
17.06.2021
Халықаралық күрес парақшалары дерегінше, осыған дейін жоғары ұпай жинаған палуандар Олимпиада ойындары алдында төрт топқа бөлінеді.
16.06.2021
В Усть-Каменогорске сыграны четвертьфинальные матчи турнира на призы теннисного центра «SMASH».
16.06.2021
Мастер батутной гимнастики из Усть-Каменогорска выиграл серебряную медаль этапа Кубка Мира.
15.06.2021