Главная

Самбошылар Семейде бас қосты

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясында самбо күресінен 2004-2005 жылы туған кіші жасөспірімдер және 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті.

 Аталған жарыстың қатысушыларүшін маңызды болды. Себебі кіші жасөспірімдер мен жасөспірімдер арасында самбо күресінен биыл бірнеше байрақты бәсекелер өтеді. Мәселен 2004-2005 жылы туған кіші жасөспірімдер облыста бірінші және екінші орын алса, наурыз айының 26-29 күндері Оралда өтетін республикалық турнирде бақ сынайды. Ол жерде бағы жанғандар қыркүйек айының 13-20 күндері Моңғолияның астанасы Ұлан-Баторда өтетін «Азия балалары» халықаралық ойындарында ел намысын қорғайтын болады. Ал 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер облыста бірінші және екінші орын алса, сәуірдің 8-12 күндері Петропавлда өтетін ел чемпионатына қатысады. Ел чемпионатында топ жарғандар қазан айында Сербияның Нови-Сад қаласындағы Әлем чемпионатына жолдама алады.

 Айта кетейік, аталған жарыста жиыны ұзын-саны 150-ден астам ұлдар мен қыздар 10 салмақта өнер көрсетті. Үржар, Көкпекті, Шемонайха аудандары мен Курчатов қаласының балғын палуандары да бұл жарыстың көрігін қыздырды.

 

 Фото Семей спорт академиясының баспасөз қызметінен

 

 

 

 

Дата и время публикации: 
19.02.20
Новости
Открылась регистрация на «Qaragangy marathon 2020».
18.09.2020
Кошелев может уже завтра сыграть с одним из своих бывших клубов.
18.09.2020
Очередной товарищеский матч казахстанского флагмана в рамках сбора в Турции.
18.09.2020
Бүгін Германияның Мюнхен қаласында біршама спортшыны тыйым салынған препаратпен қамтамасыз еткен неміс дәрігері Марк Шмидтке қатысты сот ісі басталды.
17.09.2020
Подопечные Марко Гршича дважды подряд сыграли с клубом «Erdemit Belediyesi» в рамках учебно-тренировочного сбора.
17.09.2020
Дебют в сборной и триумф вундеркинда из Усть-Каменогорска.
17.09.2020