Главная

Семейлік самбошы Сеулде бақ сынайды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында 8-10 қараша күндері самбо күресінен Әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге қазақстандық самбо шеберлері толық құрамда (ерлер, әйелдер, жауынгерлік самбо, 27 балуан) қатысады. Спорттық самбодан ел намысын 82 келіде Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының спортшысы Руслан Жарқынбаев қорғайды.

 Руслан Жарқынбаевсамбо күресінен Әлем Кубогының күміс және қола жүлдегері, үшінші бүкіләлемдік көшпенділер ойынының жеңімпазы. Беларусь астанасы Минск қаласында самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында және жауынгерлік самбодан А санатындағы XXIII халықаралық турнирі, самбо күресінен Беларусь Республикасының ашық чемпионаты және Беларусь Республикасының Президентінің жүлдесіне арналған жарыстың қола жүлдегері. Руслан сондай-ақ көктемде ел чемпионатында топ жарса, жуырда Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Азия чемпионатында ересектер арасында алтыннан алқа тақты.

 Айта кетейік, Әлем чемпионатында Руслан Жарқынбаевтан бөлек, шығысқазақстандық Асылбек Смайылов пен Райхан Мәди жауынгерлік самбодан сынға түседі.

 

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.

 

 

Дата и время публикации: 
06.11.19
Новости
Угадайте, в какой лиге теперь не будет представлена родина казахстанского хоккея?
01.06.2020
Сегодня – три года великому матчу в исполнении женской команды «Алтай».
30.05.2020
Ситуация с послаблением режима карантина довольно странным образом отразилась на спорте. С одной стороны, тренировки не запрещены. Но и в полной мере разрешёнными их назвать довольно сложно.
29.05.2020
Последнее золото Кузнецова, первое золото для «Алтай Атлетикс» и последний триумф «Алтая».
29.05.2020
По подозрению в хищении бюджетных средств во время строительства учебного корпуса новой школы в Риддере задержаны спортивные чиновники
28.05.2020
Вчера стало окончательно известно о том, что Александр Шин и Евгений Рымарев впервые с сезона 2014/15 проведут хоккейный год в разных командах. Кто из них потеряет от этого разделения больше?
27.05.2020