Главная

Шалқар мен Азамат ел чемпионатына жолдама алды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бүгін Өскемендегі «Жекпе-жек» сарайында пара дзюдодан есту және көру қабілеті төмен жандар арасында облыс чемпионаты өтті. Жарыс «Жастар жылына» орай ұйымдастырылған еді.

Бұл жолы қатысушылар легі көп болмады. 20-ға жуық спортшы. Өскемендіктерден бөлек, Семей қаласынан келіп қатысты. Айта кетейік, сайысты өткізуге облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдау танытқан-ды. Жеңімпаз бен жүлдегерлер алты салмақта белгілі болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көзге түскен қатысушылар Алматыда өтетін ел чемпионатына жолдама алады. Қызығы сол, белдесулердің талайы мерзімінен бұрын аяқталды. Есту қабілеті төмен қатысушылар арасында 60 келіде Шалқар Тұрсынғалиевтің асығы алшысынан түсті. Айналмалы жүйе бойынша өткен кездесулерде қос қарсыласының жауырынын жер иіскетіп, жеңімпаз атанды. Ал көру қабілеті төмен жандар арасында 90 келідегі семейлік Андрей Москалевтің бабы келісті. Алдымен өскемендік Серік Қабышевты, сосын өзінің командаласы Камиль Хузиахметовтен басым түсті. Қортындысында, 60 келідегі Шалқар Тұрсынғалиев пен 66 келідегі Азамат Асқаров ел чемпионатында аймақ намысын қорғайтын болды. Ол жерде сәтті өнер көрсетсе, Гонконгте өтетін IX Тынықмұхиттық-Азия ойындарына жолдама алады.

 

Пара дзюдодан облыс чемпионатының қортындысы:

 

45 келіде есту қабілеті төмен қатысушылар арасында

 

1.Дамир Құсайынов (Семей)

2.Михаил Иванов (Семей)

 

60 келі

 

1.Шалқар Тұрсынғалиев (Семей)

2.Еламан Қарлықбаев (Семей)

3.Қуандық Сұлтанғазы (Семей)

 

66 келі

 

1.Азамат Асқаров (Семей)

 

73 келі

 

1.Ерасыл Нұрахунов (Семей)

2.Фарез Петров (Семей)

 

Көру қабілеті төмен жандар арасында

 

1.Жанат Асубаев (Семей)

 

90 келі

 

1.Андрей Москалев (Семей)

2. Серік Қабышев (Өскемен)

3.Камиль Хузиахметов (Семей)

 

100 келі

 

1.Ерлан Конкиев (Семей)

2.Рустам Буламбаев (Семей)

Дата и время публикации: 
21.05.19
Новости
«Алтай» выиграл Кубок Казахстана просто деморализовав соперника своим умением держать удар.
22.09.2019
В Усть-Каменогорске разыгран первый комплект наград Кубка Казахстана по волейболу среди женских команд. В довольно странном матче между «Алматы» и «Жетысу» победу одержал более титулованный клуб из Талдыкоргана.
21.09.2019
«Алтай-2» и «Куаныш» разыграли пятое место в Кубке Казахстана по волейболу среди женских команд.
21.09.2019
В первой игре последнего заключительного дня приняли участие сразу три воспитанницы волейбола ВКО.
21.09.2019
Второй полуфинал Кубка Казахстана по волейболу имел просто потрясающую вывеску: самый титулованный клуб в истории страны против команды, которая претендует на побитие этого рекорда. Бурхан Жанболат против своего детища. Аниконова против Сафроновой в очной битве за звание лучшей блокирующей. И такое перечисление можно делать сколько угодно. Приятно, что и сама игра вывеске вполне соответствовала!
20.09.2019
Екатерина Бородай помогла «Иртыш-Казхрому» выйти в финал Кубка Казахстана. Также определились участники матчей за седьмое и пятое места по итогам Кубка Казахстана в Усть-Каменогорске.
20.09.2019