Главная

ШҚО палуанының Әлем чемпионатынан кейінгі пікірі

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Көкпектілік Данияр Қайсановтың елордада күрес түрлерінен өткен Әлем чемпионатында бесінші орын иеленгені көпшілікке мәлім. Жауапты жарысты жүлдесіз аяқтаған жерлесіміз қай жерде қателікке бой алдырғанын айтты.

 Кіші финалда өнер көрсеткен шығысқазақстандық спортшы Франция елінің үкілеген үміті Зелимхан Хаджиевпен жолыққан еді. Ресейдің оңтүстігіндегі Хасавюрт қаласында өмірге келген шешен ұлтының өкілі Даниярға таңсық қарсылас емес. Біріншіден, екеуінің жолы оқу-жаттығу жиындарында жиі түйіседі. Одан бөлек, осының алдындағы қос палуан арасындағы текетіресте Хаджиевтің мерейі үстем болған. «Есемді қайтарамын» деп жігерін жанып шыққан жерлесіміз расымен де жанкештілік танытты. Десе де соңғы секундтарда белдесу тағдыры өзгеріп, франциялық споршы уақыт біткенге дейін бір ұпай басымдығын сақтап, есеп 4:3 есебімен қарсылас пайдасына шешілді. Белдесулерін аяқтап болған Қайсанов ұлттық олимпиадалық комитетке берген сұхбатында бәсеке жайлы ойын ортаға салған-ды.

 – Бұйырғаны осы болды. Жоспарда жүлде аламын ойым болды о бастан. Енді төртжылдықтың басты бәсекесіне мүлде басқа әзірлікпен шығу керек. Жеңілмейтін спортшы жоқ. Франциялық палуанның қыр-сырын жақсы білемін деп айта аламын. Бірнеше мәрте белдесіп те көрдік. Алайда екі ретінде сол 4:3 есебімен жол беріп қойдым. Жаттығуларды күшейте түсу керек. Сәл тынығып алған соң олқылықтармен жұмыс істейміз. Ұтамын деген сенімім кей тұстарда қателіктерге алып келгендей. Жалпы жеребе де жолдас болды. Шешуші белдесуде бойымдағы бар күшімді кілемде қалдыруым керек еді. Әрі қарсыласым қателіктерді кешіретіндердің қатарынан емес, – деді Данияр Қайсанов.

 

Фото olympic.kz сайтынан

 

 

Дата и время публикации: 
25.09.19
Новости
Өскеменде өткен еркін күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында алғаш рет бақ сынаған тарбағатайлық палуан белдесуімен талайды таңырқатты.
24.02.2020
Юниорская сборная Казахстана в составе 18 спортсменов прибыла в столицу Белоруссии, и уже завтра ей предстоит выступить на международной матчевой встрече в столице Белоруссии Минске. Чего стоит ждать от наших спортсменов на этом старте? Ведь второй раз просто обязан быть лучше первого.
24.02.2020
Көкпекті ауданының тумасы Үндістанда өткен сайыста құрлық көлемінде өзін теңдессіз екендігін тағы бір дәлелдеді.
24.02.2020
«Торпедо» проиграло и второй матч 1/8 финала Кубка Петрова.
24.02.2020
«Орика» и «Нурорда» предстали перед публикой в весьма обновлённых составах.
24.02.2020
Тот, кто не видел противостояния между «Триалом» и «ТЭЦ», тот может смело завязывать себе глаза, и не снимать повязку всю свою жизнь, потому что более ничего подобного увидеть всё равно не удастся.
24.02.2020