Главная

Шығысқазақстандықтар Әлем чемпионатына жол тартады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Киокушинкай-кан каратэден облыс құрамасының көшбасшылары санаулы күндерден соң Жапония жерінде өтетін әлемдік додаға барады. Әзірге олар дайындықтарын пысықтау үстінде.

Аймақ құрамына алты спортшы алынды. Оның ішінде екеуі қалың жанкүйерге таныс болар. Бірі былтыр Болгарияда өткен Әлем чемпионатында қола медаль иеленген Жанел Едлипова, бірі сол жарыста жүлдеге ілікпесе де, сенімді өнер көрсеткен Индира Чентаева. Семейлік қос спортшының осы жолы нәтижелерін жақсарта түсуіне тамаша мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, Токиодағы аламанда аймақ атынан Бекарыс Сержанов, Әлижан Магадиев сынды өрендер ел намысын қорғайды. Чемпионат сәуірдің 19-21 аралығында өтеді. Киокушинкай-кан каратэден облыстың аға жаттықтырушысы Руслан Алшымбаевтың айтуынша, спортшылар осы уақытқа дейін екі маңызды оқу-жаттығу жиынында болды. Сол аралықта дайындықты бағамдау мақсатымен бірнеше халықаралық турнирлерге де қатысқан. Жерлестеріміз «күн шығыс» елінің астанасына сәуірдің 17-і күні шығады.

 

Фото жаттықтырушылар тарапынан ұсынылды

Дата и время публикации: 
11.04.19
Новости
Пару дней назад пришла приятная новость о том, что в родной город как минимум на один сезон вернётся центрфорвард Дмитрий Гренц. Сможет ли он нивелировать переход в «Барыс» Аркадия Шестакова?
20.07.2019
Двое представителей профессионального клуба «Алтай Атлетикс» помогли казахстанской эстафете обновить один из самых старых рекордов страны.
20.07.2019
Сборная Казахстана (U23) проиграла в четвертьфинале молодёжного Чемпионата Азии хозяйкам площадки.
20.07.2019
Волейбольный клуб «Алтай» сменил свой логотип на более современный, как считают его сотрудники.
19.07.2019
Статистика волейболисток сборной Казахстана в противостоянии с представительницами Северной Кореи.
19.07.2019
Ақтау қаласында өтіп жатқан дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия кубогінде шығысқазақстандық спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
19.07.2019