Главная

Шығысқазақстандықтар Шымкентте атой салды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бүгін күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті. Шымкент шаһарындағы додада жерлестеріміз жүлдесіз қалмады.

Сайыс нүктесін еркін күрес шеберлері қойды. Бүгін 65, 70, 86, 92 және 125 келі салмақтағы балуандар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Соның ішінде, бас бапкер Асқар Мұқашев бастап барған шығысқазақстандық спортшылар арасында Азамат Дәулетбеков (86 келі) пен аса ауыр салмақтағы Олег Болтин (125 келі) ақтық сында белдескен болатын. Бүгін дәл кешегі жарыс күнінің желісі қайталанғандай. Жүлделер жағынан. Алайда бүгін 92 келіде Әбубакар Торғаев қола жүлде иеленіп, үшінші медальді әперген еді жерлестерімізге. Ал кеше 61 келіде басты фавориттің бірі саналған Расул Қалиев ел чемпионы атануға бір қадам қалғанда сүрінді. Себебі, жарақат алған еді. Осының салдарынан белдесуді жалғастыра алмай, екінші орынға місе тұтты. Алтын медаль шымкенттік Бауыржан Төребектің еншісінде кетті. Ал Азия ойындарының күміс жүлдегері Данияр Қайсанов мықтылығын тағы бір дәлелдеді. Ақтық сында оған Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, астаналық Нұрлан Бекжанов қарсы тұрды. Конфедерация кубогінде Бекжановқа айқын ұтылған еді Данияр. Осы жолы соның есесін қайтарғандай болды. Оңайға түспеді. Бұған таблодағы есеп те дәлел. Өйткені, есеп 8:7 болып, шығысқазақстандық балуанның еншісіне жазылған-ды.
Ал бүгін 86 келіде Азамат Дәулетбеков алтынға қол созып көрді. Десе де алматылық Әділет Дауланбаев бұған жол бермеді. Ежелден сыралғы қарсыласы атанып келген Алматы қаласының өкілі о бастан сенімді қимылдап, ақыр соңында белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Азамат алтын медаль иелене алмады. Қоржынға тағы бір күміс түсті. Келесі болып, жоғарыда аталған 92 келідегі Әбубакар Торғаев қола жүлде үшін кілемге беттеді. Қарсыласы маңғыстаулық балуан. Жерлесіміз кездесуді соңына дейін бақылауда ұстап, ұпай айырмашылығын сақтап қалды. Сөйтіп, жарыстың жүлделі үштігін түйіндеді. Ал алыптар теке-тіресінде Олег Болтин қарсылас шақ келтірмеді. Өткен жылғы Конфедерация кубогінің жеңімпазы Ақтөбе облысының спортшысы Юсуп Батырмырзаевқа еш мүмкіндік қалдырмады. Осыған дейін Жапониядағы оқу-жаттығу жиындарына қатысқан жерлесіміз, белдесуді көпке созбауды жөн көрді. Есеп 12:2, Болтин еліміздің V жазғы спартакиадасында топ жарды.
Осылайша, шығысқазақстандықтар еркін күрес сынында екі алтын, екі күміс және бір қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте де біршама жақсы өнер көрсетті.

ШҚО еркін күрес шеберлері мына спортшылармен өнер көрсетті:

1. Ғабит Төлепбай (57 келі)
2. Данияр Гульманов (61 келі)
3. Расул Қалиев (61 келі)
4. Самат Қалтаев (65 келі)
5. Мирас Зарлықанов (65 келі)
6. Мұхтар Сейтов (65 келі)
7. Асхат Слямханов (70 келі)
8. Мұхаммед Аблаев (70 келі)
9. Данияр Қайсанов (74 келі)
10. Вадим Литвинов (79 келі)
11. Азамат Дәулетбеков (86 келі)
12. Никита Федоров (86 келі)
13. Әбубакар Торғаев (92 келі)
14. Алмас Жүніс (92 келі)
15. Данияр Базылжанов (97 келі)
16. Олег Болтин (125 келі)

Фото prosports.kz сайтынан алынды
Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
10.02.19
Новости
Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында өтіп жатқан «Толағай сұлтаны – 2019» халықаралық-шығармашылық сайысында аударыспақтан бабы мен бағы қатар шапқан жігіттер есімі анықталды.
24.08.2019
Сегодня в столице Белоруссии Минске прошёл открытый чемпионат Белоруссии по спортивной ходьбе. Представительница «Алтай Атлетикс» завоевала бронзовую награду.
24.08.2019
Усть-каменогорские мастера прыжков на батуте великолепно проявили себя на международном турнире в Грузии.
24.08.2019
Ольга Рыпакова выступит на заключительном перед финалом этапе "Бриллиантовой лиги" в Париже.
24.08.2019
Воспитанница усть-каменогорской школы волейбола Кристина Аниконова набрала четыре балла в матче с островитянками.
24.08.2019
«Сухарь» Валерия Севидова позволил «Алтай Торпедо» второй год подряд выйти в финал Кубка Казахстана, несмотря на поражение от «Бейбарыса».
23.08.2019