Главная

Шыңғыс Мұхаметқалиев: «Тактикалық тұрғыда қателік жіберіп алдым»

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Облыс орталығында өткен еркін күрестен жастар арасындағы ел чемпионатында шығысқазақстандық Шыңғыс Мұхаметқалиев сенімді өнер көрсетті. Десе де жартылай финалда сүрініп, жіберген қателігі жайлы пікірін айтты.

Бұл балуан да жартылай финалға дейін қарсыластарын қоғадай жапырды. Екінші айналымда қызылордалық балуанды 10:0 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда Жамбыл облысының өкілі Дәулет Ергешпен өзара мықтыны анықтады. Кездесу барысында Шыңғыстың бірден қысым көрсетіп, шабуылға шыққаны байқалды. Бірақ қарсыласы оңай шағылатын жаңғақ емес екен. Осы жерде шығысқазақстандық балуанның жолын кесті.

 – Жарыстың басы жақсы басталды. Сол жартылай финал қиынға түсті. Бірінші кезеңде ұтып алсам деп едім, әрі ұпай санымен де алға оздым. Бірақ екінші кезеңде шаршаңқы болып, белдесу жүргізу ауыр болды. Қысқасын айтқанда, тактикалық тұрғыда қателік жібердім, – деді ол.

Дәулет Ергештен жеңілгенімен, Шыңғыс қола медаль үшін болған кездесуде жинақылық танытты. Солтүстікқазақстандық спортшы Әділхан Әмірханұлын 2:0 есебімен сан соқтырып, жүлделі үштікті түйіндеді.

 

Фото автордікі

Дата и время публикации: 
04.04.19
Новости
Самые яркие высказывания о старте нового сезона любительского волейбола Усть-Каменогорска.
14.10.2019
«Торпедо» пропустило 1200-ю шайбу в регулярных чемпионатах ВХЛ.
14.10.2019
Летний легкоатлетический сезон для сборной Казахстана завершается всё-таки на положительной ноте – в нашу пользу пересмотрены итоги Азиатских Игр-2018 в Джакарте.
14.10.2019
Наш обзор первого игрового дня Высшего дивизиона Лиги Чемпионов Бизнеса.
13.10.2019
В ВХЛ осталось всего две команды, которым Евгений Рымарев ещё не забивал.
13.10.2019
Шығысқазақстандық еркін күрес шеберлері Тараз қаласында өткен 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шоқан Нәдірбековты еске алуға арналған республикалық турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
13.10.2019