Главная

Шыңғыс ширек финалда сәтсіздікке ұшырады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Эстония жерінде өтіп жатқан еркін күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионатында шығысқазақстандық Шыңғыс Мұхаметқалиев жартылай финалға жолдама ала алмады.

Көкпекті ауданының тумасы 74 келі салмақта іріктеу кездесулерін сәтті бастады. Алдымен украиналық Евгений Дубовыйдан 8:5 есебімен басым түсті. Бастапқыда Шыңғыс 5:0 есебімен есе жіберіп жатқан. Алайда қарсыласын етпетінен түсіріп, айналдыру әдісін жасау арқылы басымдығын едәуір арттырып алды. Сөйтіп алғашқы айналымда үш ұпай басымдығымен мерейі үстем болды. Келесі болып алжирлік Ишак Боухорға 7:2 есебімен еш мүмкіндік бермеді. Өкініштісі сол, ширек финалда моңғол спортшысы Бат-Ердене Бямбасуренге тізгінді беріп қойып, 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңілістің кермек дәмін татты. Бямбасурен ақтық сынға аптықпай шықса жерлесіміз үшінші орын үшін белдесуге мүмкіндік алар еді. Дегенмен Бат-Ердене жапониялық Джинтаро Мотойямаға еш шара қолдана алмай, жартылай финалда жеңіліс тапты. Осының салдарынан Шыңғыс кіші финалда өнер көрсету мүмкіндігінен айырылды.

Естеріңізде болса, Әлем чемпионатының алғашқы күнінде семейлік Тілек Қабыкенов 79 келі дәрежесінде екінші айналымда сүрінген болатын.

 

Фото сайт мұрағатынан

Дата и время публикации: 
13.08.19
Новости
Одна из самых красивых гимнасток ВКО решила показать, что спортом заниматься можно везде, даже в самых неожиданных для этого локациях.
04.08.2020
Мұны естігенде кімнің болсын бойы шымырлап, аса епті қимылдарын көріп таңдай қағатын жандардың табылары сөзсіз. Тумысынан аяғы жоқ бұл спортшы алдына тау мақсат қойып келеді.
29.07.2020
Әлем чемпионатының жүлдегерлері наурыз айында республика бойынша Төтенше жағдай режимі жарияланғанда туған жеріне келіп, бір мезет ауылдастарымен жүздесіп, мәре-сәре болған еді. Айтпағымыз, үржарлық Алмат Кебіспаев пен командалас досы Қорлан Жақанша жайлы. Сол шектеу шаралары кезінде берген сұхбатының бір бөлігін кеш те болса ұсынуды жөн көрдік.
24.07.2020
Хоккейный клуб «Торпедо» по согласованию с руководством Восточно-Казахстанской области приняло решение об отмене платы за занятия хоккеем в группах набора детско-юношеской хоккейной школы, сообщает altaynews.kz
23.07.2020
Иә, дәл осы жағдай төңірегіндегі оқиға желісі сан түрлі құбылуда. Жазғы Олимпиада ойындары тарихында екі спортшының бірдей чемпион деп танылып, алтын медаль иеленген сәтін естіп пе едіңіздер? Ендеше бірнеше күн бұрын Біріккен Күрес Әлемі осындай тарихи шешім қабылдады.
23.07.2020
Подписан контракт с нападающим Владимиром Пешехоновым, выступавшим в прошлом сезоне в составе московской «Звезды».
21.07.2020