Главная

Сирек диагнозы бар спортшы

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Мұны естігенде кімнің болсын бойы шымырлап, аса епті қимылдарын көріп таңдай қағатын жандардың табылары сөзсіз. Тумысынан аяғы жоқ бұл спортшы алдына тау мақсат қойып келеді.

Американың Огайо штатының тумасы Сион Кларктың жасы 22-де. Өмірге аяқсыз келген оған дәрігерлер каудальды шегініс синдромы деген диагноз қойған. Айтуларынша, мұндай диагноз өмірге келген 250 мың нәрсетенің тек біреуінде ғана болады. Мұндайда омыртқаның төменгі тұсы дұрыс жетілмей, жамбас сүйегі мен басқа сүйектердің деформациясына әкеледі. Сион өмірге келген соң ата-анасы бірден бас тартады. Сосын оны басқа бір жанұя қамқорлығына беріп, кейін қайта өткізеді. Баланың жасы жетіге толғанда Кларктар отбасы бауырына басып, бар мейірін төгеді. Енді Сион Кларктың мақсаты – 2021 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысып, алтын медаль иелену. Алғашында асырап алған ата-анасы еркін күрес үйірмесіне әкелген бойда-ақ Сион сол спортпен мүмкіндігі жеткенше айналысуға бел буады. Қазір таза салмағы 45 келі болса да 57 келіге дейінгі салмақта белдесіп келеді. АҚШ-тағы қарсыластары тарапынан аяғы жоқ палуанды бағаламау, менсібеу сынды жат қылықтар да байқалмай келеді. Жаратылысы ерек спортшы жайлы естіген «Netflix» компаниясы фильм түсіріп, кейін соның арқасында Сионды талай адам тани бастады.

Менің қолым – аяқ қызметін де атқарып келеді. Сол себепті әр қимылымды екшеп, күшімді дұрыс қолдануға дағдылануым қажет. Бір қолыммен бозкілем таянсам, бір қолыммен қарсыласымды қапсыра ұстауға тиіс екенімді білуге тиіспін, – деді ол белгілі күрес басылымдарының біріне.

 

 

Дата и время публикации: 
29.07.20
Новости
Наставник призёров Чемпионатов Мира и Чемпионов Казахстана не смог выиграть поединок с опасной болезнью.
12.08.2020
Усть-каменогорское «Торпедо» впервые в своей истории не примет участие в российском хоккейном сезоне.
11.08.2020
Если раньше усть-каменогорский волейбол славился наличием настоящей кубинской диаспоры, то теперь, похоже, в Усть-Каменогорске формируется диаспора сербская.
10.08.2020
Уроженец Усть-Каменогорска Антон Худобин провёл второй полный матч после возобновления сезона НХЛ и принёс «Даллас Старз» первую победу в групповом раунде.
10.08.2020
Острый конфликт между тренерами Восточно-Казахстанской школы высшего спортивного мастерства (ВКО ШВСМ) по зимним видам спорта и ее директором дошел до суда. Газета "Караван", похоже, "назначила" виновного в тезисе, вынесенном в заголовок.
07.08.2020
Ольга Рыпакова проводит сбор в Усть-Каменогорске с именитым персональным тренером.
07.08.2020