Главная

Татами шеберлері тұғыр сатысына жайғасты

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Алдымен еркін күрес палуандары, сосын дзюдошыларымыз бар мүмкіндіктерін паш етуде. Орал қаласында өтіп жатқан V Жастар ойынында шығысқазақстандық татами шеберлері үш мәрте тұғыр сатысының ең биігінен көрінді

Асқар Арқабай, Думан Бұғылбаев, Бауыржан Халелов сынды тәжірибелі бапкерлер бастап барған спортшылар қазіргі уақытқа дейін үш салмақта жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, 73 келіге дейінгі салмақта Серікбол Естай, 66 келіге дейінгі дәрежеде Ануар Жұмагелдин және 63 келі дәрежесінде Кристина Сотникова қарсылас шақ келтірмеді. Серікбол шешуші сында қарағандылық Атабек Тұрлыбаевты, Кристина қостанайлық Самалай Ерғалиеваны, ал Ануар Алматы облысының үздігі Бекзат Әбіләкімнің осал тұсын тауып, облыс құрамасына алтын медаль әперді. Ал финалдық кездесулерге өте алмай, сынық сүйем қалғанда сүрінген Есентай Имаханов (60 келі), Балнұр Әбдешова (52 келі), Мөлдір Бейсенова (57 келі), Роза Нысантайқызы (70 келі) қола медаль иеленсе, әзірге жалғыз күміс жүлдені Нұржаз Сәбиолла (78 келі) еншіледі.

Дата и время публикации: 
31.03.21
Новости
Заманында Ауғанстан, Ираннан бастап Жапонияға дейін, Англия, Белгиядан Норвегияға шейін һәм АҚШ пен Мысыр елдеріне сапар шегіп, күрестен түрлі чемионаттарда жүлде алып, французша күрестен де олжа салған даңқты палуанның рухы Өскеменге келгендей болды. Неге екені белгісіз, Қажымұқан Мұңайтпасовтай біртуар балуанның есімі соңғы сәттерде аталмай, мүлде ұмыт қала бастағандай. Рухы дедік, бірнеше жыл бұрын облыс орталығындағы Жекпе-жек сарайына даңқты балуанның есімі берілді деген ақпар шыққан-тұғын. Дегенмен спортшылар мен бұқара жұрттың басым көпшілігі бұл жайттан бейхабар. Неліктен? Сайт тілшісі қала әкімдігіне сұраухат жіберіп, тақырыпқа тереңірек үңіліп көрген еді.
15.04.2021
Үржар ауданының тумасы жартылай финалда қырғыз палуанын ұтты.
14.04.2021
Қостанай қаласында өткен қазақ күресінен жастар арасындағы ел чемпионатында Тарбағатай ауданының тумасы Айдана Каменова үздік үштіктен көрінді.
13.04.2021
Сборная Казахстана по плаванию приняла участие в Открытом Чемпионате России по плаванию в Казани.
13.04.2021
Команда из Семея никак не может найти ту игру, которая позволяла ей стать главной сенсацией предыдущего тура.
13.04.2021
В городе на берегу Каспийского моря состоялся Кубок Казахстана по художественной гимнастике, главными действующими лицами стали спортсменки с берегов Иртыша.
13.04.2021