Главная

Татамидегі тартыс

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Ұлан ауданы орталығындағы «Модуль» спорт кешенінде Тұңғыш Президент күніне орай дзюдодан 2006-2007 және 2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.

 Жарысқа өңірдегі 11 аудан командаларынан барлығы 164 спортшы қатысты. Әр салмақта айтарлықтай шиеленісті белдесулер өтіп, тіпті жеткіншектер ара-тұра небір әдістерді орындап, қарсылас жауырынын жер иіскетті. Алайда қатысушылар үшін жуырда облыс орталығында өткен Марат Чегеевті еске алуға арналған халықаралық турнирде қола жүлдегер атанған Жібек Жақсыбайды құттықтау сәті айрықша әсерлі өтті. Жібек 52 келі салмақта бақ сынаған болатын. Қазір спорт шеберлігінен үміткер. Дзюдошыға аудан әкімінің орынбасары Ләзиза Кенжетаева бағалы сыйлықтар табыс етіп, жүлдегер атануымен құттықтады. Ал турнир нәтижесіне көз жүгіртсек, ұландық спортшылардан 29 келі салмақта Таир Құсметов, Асанәлі Қайратов, Жасұлан Бекқазин, 32 келіде Досбол Жеңіс, 50 келіде Нұрбол Алтайхан, 66 келіде Асқар Нұрқасым және 73 келіден жоғары салмақта Мәди Құсайынов жүлдегерлер сапынан көрінді.

 

 

 

 

Дата и время публикации: 
04.12.19
Новости
ВК «Алтай» стартовал с победы в домашнем туре Национальной лиги.
29.01.2020
Ақмола облысының Щучинск қаласында өткен грек-рим күресінен кадеттер арасындағы ел чемпионатында жерлестеріміз екі жүлде иеленді.
28.01.2020
В Усть-Каменогорске стартовал очередной малый тур Чемпионата Казахстана по волейболу среди женских команд Национальной лиги.
28.01.2020
Свершилось! В минувшее воскресенье стартовал второй сезон Лиги Чемпионов Бизнеса в Высшей лиге, и уже первый день показал, что изучать лигу нам, по сути, придётся заново.
28.01.2020
Как воспитанников детского сада обучают основам большого тенниса.
28.01.2020
Жерлесіміз дзюдодан елордада өткен жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирде топ жарды.
28.01.2020