Главная

Тілек Қабыкенов Әлем чемпионатының екінші айналымында сүрінді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Жерлесіміз Эстонияның астанасы Таллин қаласында өтіп жатқан еркін күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионатының екінші белдесуінде қарсыласына жол берді.

Жалпы, әлемдік додада ел намысын екі бірдей шығысқазақстандық палуан қорғауда. Соның бірі – 79 келі салмақтағы Тілек Қабыкенов. Айта кетейік, бұл салмақта бірыңғай ауқымды додаларда топ жарып, жүлде алып жүрген өрендер жетерлік. Семейлік спортшы алғашқы айналымда-ақ біршама ыңғайсыздық танытқан палуанмен жолықты. Айталық, молдовалық Кристиан Присакаримен болған кездесуде есеп 5:4 болып, Тілектің пайдасына шешілді. Белдесу бір сәтке де баяуламады. Десе де, Тілек басымдықты соңына дейін сақтап қалды. Ал 1/8 финалда армениялық Арман Авагянмен жолы түйісті. Өкініштісі сол, күші едәуір басым жерлесімізге белдесу соңына дейін таразы басын теңестірудің реті келмей 2:5 есебімен Авагян басым түсті. Армениялық спортшы ширек финалда болгариялық Октай Ружди Хасанды 6:4 есебімен жолынан ығыстырып, жартылай финалға жолдама алды. Ол жерде ресейлік Амхад Ташухаджиевпен ақтық сын жолдамасын сарапқа салады. Ресей елінің үздігін айналып өткен жағдайда Қабыкенов кіші финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алмақ.

Ал тағы бір жерлесіміз Шыңғыс Мұхаметқалиев боз кілемге ертең беттейді. 74 келіде белдесетін палуан бірінші айналымда украиналық Евгений Дубовыймен жолығады.

 Фото сайт мұрағатынан

Дата и время публикации: 
12.08.19
Новости
В Усть-Каменогорске стартовал крупный республиканский турнир II «Алтай Жулдызы» среди ребят 2004 г. р. и младше.
12.11.2019
Для Олимпийской Чемпионки в тройном прыжке исключение её вида из программы самого крупного коммерческого старта на планете стало большим сюрпризом.
11.11.2019
Третий соревновательный день Высшего дивизиона Лиги Чемпионов Бизнеса показал, что в лиге нет ни одной команды, которая бы уже сдалась или же что-то себе гарантировала. А если бы букмекеры принимали ставки на матчи Лиги, то это принесло бы им немалый доход, потому что неожиданностей здесь было более чем предостаточно!
11.11.2019
Кеше ұзын-ырғасы 220 жеткіншек Ұлан ауданының Мамай батыр ауылында еркін күрестен Өмірбек Мұзапарұлын еске алуға арналған ашық облыстық турнирде бас қосты. Аталмыш сында жүлделі орындар 11 салмақ дәрежесінде сарапқа салынған еді.
10.11.2019
Победителями международного теннисного турнира ITF Junior G3 Ust-Kamenogorsk стали главные его фавориты.
09.11.2019
Ковать будущие победы женской волейбольной команде «Алтай» будет новый-старый главный тренер клуба.
07.11.2019