Главная

Тұғырға жайғасқан төртеу

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде еркін күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні жергілікті палуандар жарқын белдесулер көрсетті деуге толық негіз бар.

Кешегі мақалада шығысқазақстандық палуандардан 70 келіде Айдос Жылқайдаров жұбаныш белдесуін өткізеді деп жазған едік. Бүгінгі қарсыласы – солтүстікқазақстандық Сұлтан Бейісов болды. Сұлтан кеше ширек финалда катонқарағайлық Досжан Әсетовке таза жеңілген болатын. Бүгін Айдоспен жолы түйісіп, кіші финалға жолдам алу үшін барын салды. Өзі шабуылдап көрген еді Айдос белдесуді өз бақылауында ұстады. Сәтін салып, 4 ұпайға бағаланған әдіс жасады. Басымдығы да ұлғая түсті. Ал текетірес соңына қарай тіптен таза жеңіске жетті. Бұдан іле қола медаль үшін алматылық Елдар Жолболсынмен шеберлік байқасты. Айдос салған жерден 4 ұпайға бағаланған әдіс орындады. Арада аз уақыт өткен соң тағы бір кесек ұпайға қол жеткізді. Кездесу әзірге 8:0 есебімен риддерлік спортшының пайдасында. Алайда Елдар артқа шығу арқылы екі ұпай иеленді. Бұған еш тосылмаған Айдос иығынан асыра әдіс орындап, онысы тағы да төрт ұпайға бағаланды. Қорытындысында, есеп 12:2 болып Жылқайдаров қола жүлдегер атанды. Кезек шешуші белдесуге келіп жетті. Катонқарағайлық Досжан Әсетов өзінің сыралғы қарсыласы алматылық Санжар Досжановпен жолықты. Расымен де бір-біріне лайық палуандар. Өткен жылы Әсетовтың Санжарға ұтылғаны бар. Бұл жолы жеңіске деген жігер жерлесімізді қамшылай түскені белгілі. Алдымен Досжан артқа шығып, есепте алға шықты. Бұдан кейін Санжар да тиісті ұпайын алды. Десе де белдесу соңына қарай шығысқазақстандық палуан Досжановты иіріп әкеліп, жауырынын жерге тигізді. Таза жеңіс! Сөйтіп, 70 келіде Айдос қола, Досжан алтын медальға иелік етті. Ал чемпионат соңына қарай 65 келі салмақтың жұбаныш белдесулері басталды. Бұл жерде жерлесіміз Әсет Бауыржанов алдымен қарағандылық Асылжан Тоқтаржанұлын, кіші финалда жамбылдық Диас Талғатұлын ұтып, жүлдегерлер үштігін түйіндеді. Шешуші сында атыраулық Сырбаз Талғат пен Тарбағатай ауданының тумасы Олжас Олжақанов алтын медальды сарапқа салды. Олжастың ақтық сынға шығуының өзі аз жетістік емес. Алайда қарсыласы да біршама тәжірибелі еді. Одан қаймыққан Олжас жоқ. Сырбаздың әр қимылын бақылап, шабуылын ерте күтіп алып жатты. Дегенмен жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері алма-кезек ұпайлар алып, есепте алға озды. Қорытынды есеп 5:2, Олжас Олжақанов ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Сөйтіп, ақпанның 23-сі күні болған ел чемпионатының қорытындысында бозкілем қожайындары 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға ие болды. Кешегі нәтижелерді қоссақ, шығысқазақстандықтардың қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 5 қола. Мұндай көрсеткіш палуандарымызға жалпыкомандалық есепте үздік үштікті түйіндеуге мүмкіндік берді.

Назарларыңызға ел чемпионатының екінші күнінде бес салмақта үздік шыққан спортшылар тізімін ұсынамыз:

 

65 келі

1.Сырбаз Талғат (Атырау облысы)

2.Олжас Олжақанов (ШҚО)

3.Әсет Бауыржанов (ШҚО)

3.Азат Оганесян (Қарағанды облысы)

 

70 келі

1.Досжан Әсетов (ШҚО)

2.Санжар Досжанов (Алматы қаласы)

3.Айдос Жылқайдаров (ШҚО)

3.Қуаныш Дүйсенқұл (Алматы қаласы)

 

86 келі

1Жақсыбек Қарабалаев (Маңғыстау облысы)

2.Алан Дзицоев (Жамбыл облысы)

3.Есқали Дәулетқазы (Алматы облысы)

3.Владислав Микалайчук (Қарағанды облысы)

 

92 келі

1.Бекзат Үркінбай (Нұр-Сұлтан қаласы)

2.Абылай Совет (Алматы облысы)

3.Думан Идрисов (Алматы қаласы)

3.Нұрасыл Жеткерген (Қызылорда облысы)

 

125 келі

1.Бақдәулет Өсербай (Түркістан облысы)

2.Нұрсұлтан Азов (Ақмола облысы)

3.Самат Тәжі (Қызылорда облысы)

3.Оразбай Сәдібек (Шымкент қаласы)

Фото автордікі

Дата и время публикации: 
23.02.20
Новости
Ряд источников в мировой спортивной прессе продолжают гнать волну на лучшего лыжника в истории ВКО Алексея Полторанина. Теперь говорят о том, что он применял запрещённый метод и на Олимпийских Играх-2018.
10.04.2020
Сегодня в ежедневной российской спортивной газете «Спорт-Экспресс» вышло большое интервью с призёром Олимпийских Игр в Сочи сноубордисткой Алёной Заварзиной. Её рассказ о жизни после Сочи-2014 показался мне невероятно знакомым. И тут я вспомнил, что нечто подобное я слышал от казахстанской коллеги Заварзиной.
09.04.2020
Чем запомнилась дата 9 апреля в разные годы любителям спорта ВКО?
09.04.2020
Итоги жеребьёвки неофициального Чемпионата мира по смешанному волейболу – Кубка наций – прокомментировал глава Любительской Волейбольной Лиги ВКО Евгений Андреев.
08.04.2020
Вспомним, что происходило в этот день в восточно-казахстанском спорте в предыдущие годы.
07.04.2020
Глава Федерации лёгкой атлетики Казахстана Асхат Сейсембеков поделился своим мнением о том, что хотел сказать Касым-Жомарт Токаев своим нашумевшим «твитом».
06.04.2020