Главная

Турнирмен ерте қош айтысты

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Шығысқазақстандық боксшы Әділет Құрметов Атырауда өтіп жатқан Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлын еске алуға арналған халықаралық турнирде жарыс жолынан шығып қалды.

 

Жыл сайын өткізілетін сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан сынды мемлекттерден келіп қатысуда. Бір өкініштісі, 60 келіде шаршы алаңға беттеген жерлесіміз Әділет Құрметов бірінші айналымда қарсыласына жол берді. Іріктеу кезеңінде Әділетке Алматы облысының өкілі Рустам Рустамов қарсылас атанды. Осы жылы Қызылордада өткен еліміздің V Жазғы Спартакиадасында күміс медаль иеленген жерлесіміз жекпе-жек тағдырын өз пайдасына шеше алмады. Үш раундқа созылған кездесуде Алматы облысынан келген спортшы төрешілердің бірауыздан шешімімен басым түсті. Құрметов қаншама рет дәл соққысын дарытқанымен, Рустам әр қимылдың соңында қарсы шабуылға шығумен болды. Раунд сайын ұпайын түгендеп жүріп, келесі айналымға жолдама алды.

 


 

Фото спортшының жеке мұрағатынан алынды

 

Дата и время публикации: 
05.06.19
Новости
Одна из самых красивых гимнасток ВКО решила показать, что спортом заниматься можно везде, даже в самых неожиданных для этого локациях.
04.08.2020
Мұны естігенде кімнің болсын бойы шымырлап, аса епті қимылдарын көріп таңдай қағатын жандардың табылары сөзсіз. Тумысынан аяғы жоқ бұл спортшы алдына тау мақсат қойып келеді.
29.07.2020
Әлем чемпионатының жүлдегерлері наурыз айында республика бойынша Төтенше жағдай режимі жарияланғанда туған жеріне келіп, бір мезет ауылдастарымен жүздесіп, мәре-сәре болған еді. Айтпағымыз, үржарлық Алмат Кебіспаев пен командалас досы Қорлан Жақанша жайлы. Сол шектеу шаралары кезінде берген сұхбатының бір бөлігін кеш те болса ұсынуды жөн көрдік.
24.07.2020
Хоккейный клуб «Торпедо» по согласованию с руководством Восточно-Казахстанской области приняло решение об отмене платы за занятия хоккеем в группах набора детско-юношеской хоккейной школы, сообщает altaynews.kz
23.07.2020
Иә, дәл осы жағдай төңірегіндегі оқиға желісі сан түрлі құбылуда. Жазғы Олимпиада ойындары тарихында екі спортшының бірдей чемпион деп танылып, алтын медаль иеленген сәтін естіп пе едіңіздер? Ендеше бірнеше күн бұрын Біріккен Күрес Әлемі осындай тарихи шешім қабылдады.
23.07.2020
Подписан контракт с нападающим Владимиром Пешехоновым, выступавшим в прошлом сезоне в составе московской «Звезды».
21.07.2020