Главная

Тұрсынов тұғырдан көріне алмады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Түркияның Стамбул қаласында өткен халықаралық жарыста жерлесіміз тұғыр сатысына көтерілуге сынық сүйем қалғанда сүрінді

Бәсекелестіктен гөрі бұра тарту көп болды ма дерсің. Ең сорақысы, 77 келіге дейінгі дәрежеде болды. Қос палуанымыз беттеп еді бозкілемге, алайда тұғыр сатысынан тек Демеу Жадраев қана көрінді. Шешуші сында сайыс қожайынымен жолыққан ол төрттағанда жатып белдесуде де, қарсы әдіс жасауда да сәтті қимылдаған-тұғын. Өкініштісі сол, Жадраев иемденген ұпайлар жергілікті спортшыға беріліп жатты. Қысқасы, әділдік иісі аңқығанда қазақстандық палуанның қолы көтерілетін еді, мұны тіпті жиналған көрермен де, әлеуметті желі арқылы ақпарат іздеген жанкүйерлер де байқады. Ал жеңіл салмақ, яғни 60 келіге дейінгі дәрежеде Айдос Сұлтанғалидің де, Мейрамбек Айнағұловтың да бабы келісті. Әлбетте, чемпион болмады. Айдос қиын топқа түскенімен, лайықты белдесулердің арқасында кіші финалда қапы қалмай, қарсыласының осал тұсын таба білді. Ал Айнағұлов жартылай финалда есе жіберсе де, қола медаль үшін өткен белдесуде сенімді өнер көрсетті. Енді бапкерлік құрам шеше жатар, негізінде Олимпиада ойындарының жолдамасы Мейрамбек Айнағұловтың еншісінде. Дегенмен халықаралық жарыстарда қай спортшы сенімді белдесіп, кімнің аяқ алысы көңіл қуантып келеді, жуық арада нақтысы белгілі бола жатар.

Сондай-ақ 87 келіге дейінгі дәрежеде ел намысын қорғаған семейлік Нұрсұлтан Тұрсынов та қазір жаттықтырушылар құрамының талқысына түсері сөзсіз. Турнирде жүлде ала алмағанымен, жалпы белдесуі ойдағыдай. Өкініштісі сол, тұғыр сатысына сәл қалғанда сүрінді. Бәлкім, кейбірі жүлдегер атанбаған спортшыны не үшін жазады деп сынай қараған да болар. Семейлік спортшының Алматыда өткен лицензиялық додада аса қарқынды белдесулер көрсетіп, чемпион атанғаны көпшілік есінде болар. Түркияда тұғырдан көріне алмауы төртжылдықтың басты бәсекесінен шет қалдыра қоймас деген сенім зор. Азамат Құстыбаев та ойындағы белдесуін көрсете алмады. Әйтсе де жолдама Тұрсыновтың қоржынында. Алдағы уақытта Токиоға Азамат Құстыбаев па, жоқ семейлік спортшы жол тарта ма, бапкерлік құрамның құзырында. Дей тұрғанмен шығысқазақстандық жаттықтырушылар семейлік спортшының баратынына бек сенімді.



Дата и время публикации: 
21.06.21
Новости
Алдымен Ресей, Армения, Грузия, Тәжікстан, сосын басқа да мемлекеттер… Осы елдердің атлеттерін жолынан ығыстырып, бапкерлер сеніміне кірмесең ірі додаларға жол тартуың екіталай. Сонау 1965-85 жылдары әсіресе жаһандық қай жарыс болсын социалистік республикалар одағының айдарынан жел есіп, алдыңғы қатардан көрініп жүргенін ешкім жоққа шығара қоймас. Соның ішінде, қазақтың болмысына бітіп, оң жамбасына келетін күрес, бокс, самбо сынды білек күші сыналар спорт түрлерінде бәсеке алауы айрықша қызатын. Ал қайтпастық қанына сіңген сайын дала ұландары әлемдегі атағы жер жарған талай мықтыға тойтарыс бергендіктері спорт тарихына алтын әріптермен жазылған. Бірнеше спорт түрін қатар алып жүріп, таңдай қақтырар нәтиже көрсеткен Ұлан ауданының тумасы Жексен Икамбаевпен емен-жарқын әңгімелесудің сәті түсті.
22.07.2021
Жуырда ғана жерлесіміз Нұрәлі Советқанов Жапонияда өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама иеленді.
22.07.2021
Маргарита Торлопова прокомментировала известный казус.
21.07.2021
Шығысқазақстандық палуан Венгрия астанасы Будапеште өтетін Әлем чемпионатында 45 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайды
19.07.2021
В преддверие старта Олимпийских Игр в Токио интервью нашему порталу дал руководитель управления физической культуры и спорта ВКО Досжан Уалханов, который подытожил работу спорта ВКО в течение последних пяти лет, заглянул в будущее и поделился своими ожиданиями от выступлений наших атлетов на главном старте четырёхлетия.
17.07.2021
Өскеменде 12-14 шілде аралығында ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігіне әскери-спорттық кешеннің көпсайысы бойынша оқ ату және жеңілатлетикалық кросс бойынша жарыс өтті.
16.07.2021