Главная

Үкілеген үміттің бірі үржарлық палуан

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Санаулы күндерден соң Күншығыс елінің астанасы Токиода өтетін дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында шығысқазақстандық татами шеберіне артылар жүк ауыр болмақ.

 2018 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері деген атаққа ие жерлесіміз Ерлан Серікжанов Жапонияда өтетін жауапты жарысқа 66 келі салмақта жүлдеден үміттілердің бірі ретінде бармақ. Өткен жылы бірқатар Гран-При додаларында жоғары деңгейлі белдесулер көрсетіп, тұғыр биігінен бірнеше мәрте орын алған еді. Биылғы бәсекенің де жөні бір бөлек болайын деп тұр. Айдар Қайырбаев жаттықтыратын спортшыға соңғы уақыттары «Үлкен Дулыға», Гран-При сынды сайыстарда жүлде алудың сәті түспей жүр. Десе де бабына енсе, біршамасын ұйпап өтуге қауқарлы. Токио татамиінде оны тоқтатуға тырысатындар жетерлік. Алдымен татами иелерін атап өткен жөн. Екі дүркін Әлем чемпионы Абэ Хифуми мен «Masters» және «Үлкен Дулыға» турнирлерінің жеңімпазы Джоширо Маруяма қалың елдің қолдауымен барын салып белдесетіндіктері хақ. Осы салмақтың көшін бермей жүрген грузиялық Важа Маргвелашвилидің Гран-При бәсекелерінде төрт мәрте топ жарғанын ескерсек, палуанның жеңісті ұстата салмайтыны айтпаса да анық. Күтпеген жерден тосын сый жасайтын моңғол дзюдошыларын да тізімнен шығармаған абзал. Жуырда ғана Будапештте өткен әлемдік Гран-При сайысының ақтық сында отандасымыз Елдос Жұмақановтың жолын Ерлен Гандбол кескен еді. Дәл сол доданың үшінші айналымында Ерхембаяр Баттортох Ерлан Серікжановты жолынан ығыстарған-ды. Әлемдік рейтингіде үздік ондықты түйіндеп тұрған украиналық Георги Зантарая мен 12-ші сатыда тұрған ресейлік Михаил Пуляев сынды спортшылар бірнеше жылдың жүзі болды, үздік он палуанның тізімінен төмен түскен емес.

 Тек Шығыс жұртының емес, күллі қазақ елінің намысын арқалап баратын үржарлық палуанды еліміздің дзюдо федерациясы фавориттер қатарына қосып отыр. Ерлан тамыздың 26 күні татамиге беттейді. Жоғарыда аталған жапондық Абэ Хифумимен жолы түйісіп жатса нағыз «айқастың» орын алары сөзсіз. Әзірге спортшылар Ақмола облысында оқу-жаттығуларын жалғастыруда.

 

 Фото спортшының жеке парақшасынан

 

 

 

 

Дата и время публикации: 
14.08.19
Новости
В Усть-Каменогорске стартовал крупный республиканский турнир II «Алтай Жулдызы» среди ребят 2004 г. р. и младше.
12.11.2019
Для Олимпийской Чемпионки в тройном прыжке исключение её вида из программы самого крупного коммерческого старта на планете стало большим сюрпризом.
11.11.2019
Третий соревновательный день Высшего дивизиона Лиги Чемпионов Бизнеса показал, что в лиге нет ни одной команды, которая бы уже сдалась или же что-то себе гарантировала. А если бы букмекеры принимали ставки на матчи Лиги, то это принесло бы им немалый доход, потому что неожиданностей здесь было более чем предостаточно!
11.11.2019
Кеше ұзын-ырғасы 220 жеткіншек Ұлан ауданының Мамай батыр ауылында еркін күрестен Өмірбек Мұзапарұлын еске алуға арналған ашық облыстық турнирде бас қосты. Аталмыш сында жүлделі орындар 11 салмақ дәрежесінде сарапқа салынған еді.
10.11.2019
Победителями международного теннисного турнира ITF Junior G3 Ust-Kamenogorsk стали главные его фавориты.
09.11.2019
Ковать будущие победы женской волейбольной команде «Алтай» будет новый-старый главный тренер клуба.
07.11.2019