Главная

Үржарлық дзюдошы алғашқы қарсыласын алып ұрды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Катардың астанасы Доха қаласында өтіп жатқан Masters додасының бірінші айналымы шығысқазақстандық спортшы үшін сәтті басталды

Осыған дейін хабарлағанымыздай, жерлесіміз Ерлан Серікжанов жеребе қорытындысына сәйкес ресейлік Абдула Абдулжалиловпен жолығады деген едік. Жарты сағат бұрын қос мықтының арасындағы белдесу нәтижесі белгілі болды. Татамидегі төреші бастапқыда екі спортшыға да сылбыр қимылдағандары үшін шидо, яғни ескерту берген-тұғын. Бәлкім, сол шоғы әлсін-әлсін маздап жатқан белдесуге екпін берген болар, ескертуден соң дзюдошылар аңысын аңдымай, ашық белдесуге көшті. Абдулжалилов қапсыра ұстап алып иығынан асыра лақтыруға әрекеттенгені сол еді, Серікжанов ұрымтал сәтте қарсылас қателігін пайдаланып, татмиге алып ұрды. Ерлан оған дейін вазари ұпайын алып үлгерген болатын. Дзюдосүйер қауымның сөзінше, шығысқазақстандық дзюдошының салған жерден қауіпті қарсыласын жолынан ығыстыруы – әзірлігінің ойдағыдай екендігін аңғартады.

Дата и время публикации: 
11.01.21
Новости
В Павлодаре стартовал третий тур Чемпионата Казахстана женской Национальной лиги.
16.01.2021
Показавшая самый выдающийся результат Чемпионата ВКО спортсменка отметила роль тренера в своём успехе.
16.01.2021
«Жетысу» понадобилось всего три матча, чтобы вернуться на второе место в Национальной лиге.
15.01.2021
13-14 января в усть-каменогорском манеже «Ольга Рыпакова» прошёл долгожданный чемпионат ВКО по лёгкой атлетике. Спустя почти год лучшие атлеты области приняли участие в крупном масштабном турнире.
15.01.2021
Қазіргі уақытта Ұлттық құрама жаттықтырушыларының басты мақсаты – Олимпиада ойындары алдында барынша сапалы әзірлік жүргізіп, спортшыларды бабына келтіру. Осы мақсатпен Кубаға жол тартқан былғары қолғап шеберлері бүгін діттеген жеріне жетті
15.01.2021
Девушки из сборной Казахстана по биатлону неудачно провели спринтерскую гонку этапа Кубка Мира в Оберхофе.
14.01.2021